Шымкентте науқастар ауруханаға кіре алмай сағаттап тосуға мәжбүр (видео)
Шымкенттесырқаттанғандардың көптігі сонша ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Тіпті мегаполистегі жаңадан ашылған сужаңа жұқпалы аурулар орталығында да бос орын қалмапты.
Салдарынан науқастаржедел жәрдем көліктерінің ішінде сағаттап күтуге мәжбүр, — деп хабарлайды"Астана"телеарнасы.
Жуырдағана іске қосылған орталықтағылар мұнда орын жоғын айтып ақталды. Алайда жанықысылған науқастардың туыстары бұған сенгісі жоқ.
Медицақызметкері қазір мұнда жатқандардың саны тіпті артық деп қосты.
Телеарнатілшісінің айтуынша, аурухананың алдындағы бір жігіттің анасы бүгін таңертеңжан тапсырған. Оған"қос өкпесі қабынған" деген диагноз қойылған екен. Арнайы көлік үйденәкеткенімен ауруханалар қабылдамай уақыт жоғалтық дейді.
«Біз мына жақта 13 сағат, бірнауқас қасымызда тұрған, ол да қайтыс болып кетті. Бізде газ таусылған еді,газға барайық дедік, газға жібермеді… сонымен кіргіздік, 9 -дан өтекіргіздік. Жарты сағаттан кейін хабар келіп жатыр, анаңыз қайтыс болды. Жүрегітоқтап қалды дейді. Жүріп тұрған адам қалай қайтыс болады..? Біз шок болыпқалдық», — дейді жігіт.
Ауруханалартүнде ғана емес күндіз де нуқастарды қабылдап жатпағанына бізде куә болдық. Науқастардың да, оны жеткізушілердің детөзімі таусылуға шақ. Жедел жәрдем қызметіндегілердің жіпсіз байланғаны былайтұрсын, індет өршіп тұрған қазіргідей шақта ауру жұқтырамыз ба деп қорқады.
«1,5 сағат болды алып жүргенімізге,қабылдамайды больницалар. Не істеуіміз керек? Мен мынамен 1,5 сағат болдыжүргеніме. Егер мен ауырсам не болады?», — дейді жедел жәрдем көлігініңжүргізушісі.
Алжұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері жағдайды аурудың бір өршіп, біртүсуімен байланыстырды.
«Орынболмағанның есебінен біз ішке жібере алмай жатырмыз науқастарды. Ол модульный госпитальда барлығыесептелген. Коронавируспен таңертеңгі біздің информация бойынша — 109 науқасжатыр. Қалғандарының бәрі ОРВИ пневманиямен жатыр қазір. Реанимациябөлімшесінде 19 нақуас жатыр», — деді Шымкент қалалық жұқпалы ауруларауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев.
Мамандарорын жетіспеушілігінің тағы бір себебі қағазбастылықта екенін де жасырмайды. Болмаса ауру жұқтырғандардың қатарыартуына байланысты қалада қосымша орындар көптеп ашылып жатқанын алға тартты.Ресми мәліметке сүйенсек, Шымкентте COVID-19 диагнозы 1482 адамнан анықталған.13 адамның ажалы осыдан келіпті. Ал пневмания мен жедел респираторлық вирусжұқтырғандар саны -1200.