Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:10, 18 Қазан 2020

Шымкентте «Ойлы болсаң, озып көр» байқауы өтеді

None
None

Шымкентте Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы және «Intellectyalgy ult» жалпы ұлттық жоба аясында «Ойлы болсаң, озып көр»байқауы өтеді.

Бұл туралы ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтылды.

-2019 жылдан бері көптеген жұмыстар атқарылды. Жобаға жанашыр азаматтарды іздедік. Осылайша байқаудың ережелері бекітілді. Жүлде қоры да қомақты,-деді Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Жанар Бектаева.

Байқаудың авторы, «Еркін ой» газетінің редакторы Балтабек Түйетаев. Шахматтан өтетін жарысқа мектеп оқушылары және 18 жастан 60-қа дейінгі ардагерлер қатыса алады.

Ақыл ой сайысы 15 қазанда Көрме орталығында салтанатты түрде ашылып, жыл соңына дейін жалғасады.

Жоба аясындағы шараның жалпы жүлде қоры-2 миллион 500 мың теңге.

Тегтер: