Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 04 Тамыз 2023

Шымкентте полицей қызметтік көлікпен ана мен баласын қағып кеткен

None
None

Шымкентте полицей қызметтік көлікпен ана мен баласын қағып кеткен. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілген.

"Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала ауруханаға жатқызылған, анасы үйіне жіберілген. Екі науқас жарақат алды. Балалар клиникалық ауруханасына 2013 жылы туған бала жеткізілді. Науқаста миы шайқалған, оң жақта париетальды аймақтың тері асты гематомасы. Іштің өткір жарақаты бар. 1984 жылы туған әйел жабық бассүйек-ми жарақатын алған», — деп жазды elitar.kz.

 Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Сотқа дейінгі тергеумен ПД-ның анықтау басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысын Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауына алған.

Тегтер: