14:37, 22 Наурыз 2022
Шымкентте ұзындығы 30 метр қазы дайындалды
Шымкент тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауда ерекшеленді, — деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.
Шымкенттіктер ұзындығы 30 метр болатын қазы дайындады. Оны он шақты аспаз әзірлеген.
Жылқы етінен жасалған ұлттық тағам әлеуметтік мекемелерге таратылған. Қазы арнайы рецепт бойынша жасалған, алайда аспаздар оның құпиясын ашпады.