Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:22, 23 Наурыз 2022

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды

None
None

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, жетеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Оқиға наурыздың 21-інде сағат түнгі 2 жарымдар шамасында Әл-Фараби көшесі мен Алматы бағытындағы тас жолдың қиылысында болған.

Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentra көліктері соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан бірнеше адам көлік сыртына шығып кеткен. Үш адам оқиға орнында мерт болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға  орнына өрт сөндіру қызметі дер кезінде жеткен. Қатты соққыдан көліктің бірінен жанармай сыртқа ағып, өртене бастаған.

Оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.

Тегтер: