08:29, 07 Қараша 2022
Шымкентте жеңілдікпен киім-кешек алмақ болғандар бірін-бірі таптап кете жаздады (видео)
Шымкентте жеңілдікпен киім-кешек алмақ болғандар бірін-бірі таптап кете жаздады.
Жаппай сатылым ұйымдастырып, қауіпсізідкті қамтамасыз етпеген сауда үйінің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады,
Шымкент қаласында Тәуке хан даңғылы бойындағы сауда үйі 5-қарашада спортттық киімдерді арзан бағамен сатуға акция ұйымдастырған. Алайда келушілер қатары сауда үйі әкімшілігі ойланғаннан әлдеқайда көп болса керек. Жиналғандар бірін-бірі итеріп, дүкенге кіруге кедергі келтірген.
Оқиға орнына учаскелік инспекторлар шақыртылды.
Сауда үйінің иесі Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 488-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.