Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:12, 10 Сәуір 2023

Шымкенттегі автобус апаты: жүргізуші тежегішке қоюды ұмытып кеткен

None
None

Алты адамды қағып кеткен автобустың қол тежегіші басылмаған. Бұл туралы Шымкентте өткен брифингте автопарк пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar QAZ телеарнасына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қоғамдық көліктің жүргізушісі жұмысын аяқтап, автобусты қалдырып кеткен. Осы сәтте көлік төмен қарай құлдилай жүріп, жылдамдығын арттырған. Кейін жолдың қарсы бағытына шығып, жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Бұл кезде автобус ішінде жүргізуші болмаған. Видеоны көргеннен кейін жүргізушінің қол тежегішін жол апатынан кейін қойғаны белгілі болды.

Көлік қызметкерлерінің айтуынша, автобус техникалық жағынан дұрыс болған.

Тиісті бөлім басшысы Мұхтар Қоқанбаев қайғылы оқиғаның себебі адам факторы екенін айтты. Ол енді көлік компанияларына талап күшейтілетінін айтты. Сондай-ақ барлық автобус парктерінің басшыларына автобус жүргізушілерін қайта аттестациядан өткізу тапсырылған.

Тегтер: