Шымкенттік Үсенов бостандыққа шықты
Шымкенттегі төрт адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған Мұрат Танекеев бостандыққа шықты.
Ол 2016 жылдың 15 ақпанында 9 жылға сотталған. Сол ездегі ірі жол апатынан өзі зардап шекпеді, Алайда 4 адам қаза тапқан еді. 2018 жылдың наурыз айында Танкеев бас бостандығынан айыруды айыппұлмен алмастырды.
2015 жылғы 22 қарашада Мұрат Танкеев Lexus 570 көлігінің рөліне орта дәрежелі мас күйінде отырып, қарсы бағытқа шығып, Audi 80 көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты. Танкеев ол сол кезде «Мен болған жағдайға өзімді кінәлі санаймын. Мен Бекзатты танитынмын (қаза тапқандардың бірі), суреттен бұрын оның әкесін көрдім. Мен қаза тарқандардың отбасынан кешірім сұраймын, өз кінәмді толықтай мойындап, оған заң шеңберінде жауап беруге дайынмын», — деген еді.
2016 жылдың 15 ақпанында Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты Танкеевке жәбірленушіге 1,5 млн теңге моральдық шығын төлеу және тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Дегенмен оңтүстіктегі ірі кәсіпкердің ұлы бұл мерзімді түрмеде емес, қоныс колониясында өтейтін болған.
Төрт адамның өмірі үшін 1,5 млн теңге, моральдық шығын төлеген Мұрат Танкеев 2024 жылдың қараша айында бостандыққа шығуы керек болатын. Алайда бүгін осы оқиғадан кейін шымкенттік "Үсенов" атанған ол бостандыққа шықты. Ал көптің көкейінде «ол неге мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, бұған оның әке-көкелерінің беделі тікелей әсер етті ме» деген сауал тұр. Әйтеуір неде болса Танкеев енді бостандықта...