Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:25, 28 Шілде 2023

Шымкенттің екі тұрғыны жалған доллар мен есірткі сатып келген

None
None

Шымкенттің екі тұрғыны жалған доллар мен есірткі сатып келген Жалған доллар валютасы мен есірткі сатып келген Шымкенттің екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

«ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан бір топ тұлғаның заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті. Тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 кг болатын оралған гашиш табылып, тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шымкенттің екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды», — делінген хабарламада. Агенттік еске салып өткендей, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі күшіне енгенге дейін күдіктілер кінәсіз болып есептеледі.

Тегтер: