Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:22, 04 Қыркүйек 2020

Шымкенттің мектептері қысқа дайын

None
None

Шымкенттің мектептері қысқа дайын. Бұл туралы Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева онлайн форматта өткен тамыз кеңесінде мәлім етті.

Жанат Тәжиеваның айтуынша, бүгінгі таңда үшінші мегаполистегі білім мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталды.

Бүгінде жеке қазандықпен жылытылатын 25 мекемеге 4793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отын тасымалданып, жұмыс қарқынды жүргізілуде.  Жалпы жылыту маусымына жоспарланған қатты және сұйық отындар арнайы лабораториядан өткізіліп, сертификаты алынды.

Тегтер: