Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:32, 06 Тамыз 2020

Шындықты кім айтты: журналист пе, әлде әкім бе?

  Газетіміздің  30 шілде күнгі  (№61)  санында «Қапшағай әкімі ажалмен ойнап жүрме?

» атты  журналист  Тоқтар Жақаштың  мақаласы  жарық көрген еді.  Онда қазір індет десбермей  тұрған кезде  Қапшағайда орналасқан казинолар,  демалыс  орындары жұмысын тоқтатпағаны, солардан қала  әкімі пайда  көріп  отыр ма деген  секілді күдіккелтірген-ді.  Бүгін  осы мақалаға байланысты Қапшағай қаласының әкімдігі өз  уәжін жазыпжіберіпті. Мақаланы  жарияламас бұрын,  Қапшағай қаласының  әкімі НұрланҚұматаевпен тілдескен едік.  Әкім  қаладағы жағдай,  журналист Тоқтар Жақаш  жазғандай, жаман емес екенін, індетпен күрес қатаңтүрде  жүріп жатқанын, оның алдыналу  үшін көптеген іс-шаралар қолғаалынғанын және  Қапшағайда халық  үшін  көптеген игі  тірліктер  жүзеге асып жатқанын айтты.  Тіпті қалааймағындағы ойынханалардың қызметін тоқтату өзінің емес, Алматы облысының  мемлекеттік санитарлық бас дәрігерініңқұзыретінде екенін де  жеткізді.  «Аталы сөзге  арсыз  ғана тоқтамайды»   деген бар. Біз  қала әкімініңайтқандарына сендік,  иландық. Алдағыуақытта  газеттің   тілшісі арнайы  барып, қаладағы  жағдаймен  танысып, мақала даярлайтын  болады. Ал бізөз  тарапымыздан осыдан екі ай  бұрын ғана  Қапшағайға  әкім болып келген Нұрлан Құматаевтың жұмысына баға беру ертерек екенін алғатарта отырып, оның болашақта атқаратын жұмысына сәттілік тілейміз және әкімдіктің Т.Жақаштың мақаласына  жауап берген уәжін қаз-қалпында жарияламыз. 

«Республикалық «Жас Алаш» газетінің 30 шілде күні ресмисайтында «Қапшағай әкімі ажалмен ойнап жүр ме?» атты жарияланған мақалағақатысты

АНЫҚТАМА

Елімізде карантин режимі басталған уақыттан бастап,бүгінгі күнге дейін Қапшағай қаласында бас санитарлық дәрігердің қаулысынасәйкес, тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде зарарсыздандыру,объектілерде санитарлық талаптарды сақтау, денсаулық сақтау ұйымдарында қажеттідәрі-дәрмек пен құрылғылардың болуы және т.б. мәселелері қатаң бақылауда. Айтакетер сәт, маусым айынан бастап, бүгінгі күнге дейін қалалық аурухананыңқызметін күшейту мақсатында бюджет тарапынан 5 млн теңге қаражат игеріліп,қажетті аппараттар мен дәрі-дәрмектер алынған. Сонымен қоса, әкімдік тарапынанжеті қызметтік автокөлік ұсынылды. Ал бұл жұмыстарға жеке кәсіпкерлер дебейтарап қарамай, бүгінде жомарт жүректер тарапынан жалпы 30 млн теңгеден астамқаражат жұмсалып, 100 оттегімен дем беру аппараттары, бір автокөлік,төсек-жинақтар мен қажетті дәрі-дәрмектер алынған.

Бүгінде қалалық ауруханада індеттен емдеуге арналғанжалпы 320 орын болса, оның 114 орнында індетке шалдыққан адамдар ем алуда.Қапшағай қаласында 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес, індетке шалдыққанадам саны 39 болса, бүгінгі күні 228 адамды құрап отыр.  Қала аймағында әскери бөлімдердің көпшілігінебайланысты кезеңді әскери қызметке шақыртылған азаматтардан тұрақты түрдеанализ алынуда. Тіркелген 228 адамның 44-і әскери қызметкер, оның ішінде 30адам басқа аймақтардан әскери қызметке шақыртылғандар. Ал жұқпалы індеттенемделіп, өз шаңырағына оралған адам саны 109-ды құрап отыр.

Сонымен қатар қала аймағында әкімдік, полиция және санитарлыққызметкерлерінің қатысуымен мобильді топтар құрылып, күнделікті мониторингжүргізілуде. Республика аймағында төтенше жағдай жарияланған күннен бастап тиістікәсіпорындар мен мекемелер, олардың ішінде барлық ойын-сауық және демалыс орындарыөз қызметтерін тоқтатқан.

Алматы облысының  мемлекеттікбас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №16 қаулысына сәйкес,Қапшағай аймағындағы демалыс орындары 13 маусымнан бастап, оның ішіндеойынханалар (казино) санитарлық талаптарды сақтай отырып, 50 пайыздықтолтырыммен өз қызметтерін бастады.

Алайда Алматы облысының мемлекеттік бас санитарлықдәрігерінің 2020 жылғы 18 шілдедегі №21 және Қапшағай қаласының мемлекеттік бассанитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №214 қаулысына сәйкес, Қапшағайқаласындағы демалыс орындарына 25 шілдеден бастап, 2 тамызға дейін шектеуқойылған.

Жоғарыда аталғанға байланысты Республикалық «Жас Алаш»газетінің 30 шілде күні ресми сайтында «Қапшағай әкімі ажалмен ойнап жүр ме?»атты жарияланған мақаласында аталып өткен «Казиномен демалыс үйлеріндегі бетімен кетушілікті бүркеп отырса, демек, қала әкімі НұрланҚұматаевтың да әлдебір мүддесі бар деуге толық негіз бар» деген жазулардыңжәне жалпы аталған мақалаға қатысты Қапшағай қаласының әкімдігі жалған ақпаратекенін, сонымен қоса, қала аймағындағы ойынханалардың қызметін тоқтату Алматыоблысының  бас мемлекеттік санитарлықдәрігерінің құзырында екенін хабарлайды. Жарық көрген мақаланың авторыаймақтағы шынайы жағдайға көз салмай, қызметтік тұлғаны жеке пайда көреді дегенсөздермен айыптау, ол – журналистік кәсібилікке жатпайды».

Тегтер: