Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:23, 01 Шілде 2021

Шыңғыс хан құрған мемлекет қайда?

None
None

     Меніңше, Шыңғыс ханның шындығына көз жеткізетін екі негізгі тетік бар: бірі – оның қай моңғол екенін, екіншісі – оның атамекені қәзіргі Монғолия не бұрынғы Моғолстан екенін анықтау.

     Шыңғыс хан жайында жазылған қырыуар зерттеулерге қарасақ, оның моңғол екені ырас.       

     Әңгімені Моңғол халық республикасынан бастайық. 1921 жылы халха халқы манжұр бійлеушілеріне қарсы көтеріліс жасап, 1924 жылы Кеңес өкіметінің қолдауымен Моңғол халық республикасы (МХР) құрылды. Соның басы-қасында Тұрар Ырысқұлов болды, сол кісінің ұсынысымен астанасы Ұланбатор атанды. 2004 жылы жарық көрген «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының 6-томында «моңғол тілі – халха тілі» делінген. Этникалық құрамы жағынан онда 90 пайыз халха-моңғолдар тұратыны және олардың XVI ғасырда халха деген атқа ійе болғаны айтылған (53-бет). МХР-да тұратын халықтардың халхадан кейінгі көбі ойраттар екен. Қазақтар ойратты қара қалмақ, халхаларды құба қалмақ деген. Әйгілі «Ақтабан шұбырынды» заманында қазақтың Мүйізді Өтеген батыры осы құба қалмақтардың тұтқынында болып, оларға қытайлар шабыуыл жасаған кезде құтылып шыққан.

     Жаңа құрылған мемлекетінің атын елдің тоқсан пайызын құрайтын халхалар «Халха мемлекеті» демей, неге «Моңғол халық республикасы» деп атаған? Оны солай ататқан – Кеңес өкіметі. Неге?

     Шыңғыс ханның түрік екенін түрік халқынан жасырыу үшін. Неге? Өйткені Дөң өзені мен Оралдың батыс жағынан  Байқалға дейінгі жалпақ өңірді жайлап жатқан ірілі-ұсақты түрік халқын, тайпалары мен руларын көріп, біліп отырған Сталин олардың бірігіп кетіуінен қатты қорққан. Сондықтан оларды біріктірмей, үрейлендіріп отырыу үшін, «пантүрікшілер», «панисламисшілер» деп, оларды әлсін-әлсін жазалап отырыу әдісін ойлап тапты. Онымен де шектелмей, Сталиннің тікелей нұсқауымен бүкіл түрік халқының тарыйхы бұрмаланып, қайта жазылды. Орыс ғалымдары В. Захаров пен А.Клесевтің айтыуынша, 1944 жылдың 9 ағұсында қабылданған БК(б) П Орталық кәмійтетінің «Татар партия ұйымында бұқаралық-саяси және идеологиялық жұмысының жайы және оны жақсартыу шаралары туралы» қаулысынан кейін «Шыңғыс хан мемлекеті Моңғолдікі болып қайта жазылды («Государство Чингиз хана было переписано под Монголов»), скифтерді иран тілді деп қайта жазды, ал Қағанаттар туралы үндемеу ұйғарылады». Шынында, ол қаулыда: «7. ВКП(б) татар обылыстық комитетіне Татарстанның тарыйхын ғылыми тұрғыда талдап жазу ісін ұйымдастыру, жекелеген тарыйхшылар мен әдебійетшілердің Татарстан тарыйхын жазып шығаруда жіберген елеулі кемшіліктері мен ұлтшылдық сыйпаттағы қателіктерін (Алтын Орданы әсірелеп көрсету, Едіге жайындағы хандық-феодалдық эпосты дәріптеу) жою тапсырылсын!» – делініпті (СОКП съездерінің, конференцияларының және Орталық комитет пленумдарының қарарлары мен шешімдері. 6-том, 1941-1954, 2-басылымы, 129-бет).

     «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!» деген – осы. Бұл – бір татар халқы арқылы бүкіл түрік халқын қорқытып отырған қаулы. Сол қаулының зардабын тарыйхымыз әлі тартып келеді. Сталиннің Украина мен Қазақстанға айрықша шүйлігіуі олардың көптігінен қорққандығынан. 

     Шыңғыс хан жайындағы ең негізгі түпнұсқа деректер қытай мұрағатында сақталған. Ол деректерді жарыққа шығарыуға орыс қытайтаныушылары Н.Я.Бичурин (Йакинф, 1777-1853) мен П.И.Кафаров (Архимандрит Палладий, 1817-1878) үлкен үлес қосса, Шыңғыс хан жайындағы ең толық, ең сенімді деректерді қамтыған Рәшит әд-Діннің «Жамиғ ат-тауарих» атты әйгілі шығармасын алғаш парсы тілінен орысшаға аударған И.Н.Березин (1818-1896) еді. Бұл үшеуі Қазан қаласында білім алған, түрік дүнійесінен азды-көпті хабардар болған адамдар.

     И. Березин – арап, парсы, түрік тілдерін білген адам. Ол Рәшит әд-Діннің әйгілі шығармасын өзі оқыған, өзі білген деректерді де айғақ ете отырып тәржімелеген. Сондықтан оның аудармасы өте құнды. Ол 1858 жылы С.-Петербургте «Сборник летописей. История Монголов. Сочинения Рашид Эддина» деген атпен жарық көрді. Менің біліуімше, бұл аударма содан кейін қайталап жарыйаланбаған. Неге? Өйткені ол аударма жасырған, бұрмаланған тарыйхтың бетін ашып қойатын еді. Мәселен, ол былай  аударады: «Бұл Моңғолдар Түрік тайпаларының бірі еді» (1-бөлім, 8-бет). Мұнымен қоймай, бұл Моңғолдардың Яфестен тарайтын мұсылмандар екенін айта келіп, «Бүкіл Моңғолдар, сан алуан түрік рулары мен далалықтар соның ұрпақтары», – дейді (сонда, 12-бет). 

     Сонда халха – моңғолдардың түріктілді, түрік халқы болғаны ма? Әрійне, олай емес, Березиннің айтып отырғаны – түрік тілді татар моңғолдар. «Моңғол сөзі әу баста «Мунғ ул болатын», – дейді Рәшит әд – Дін (сонда, 136 – бет). Арап қәрпімен ол сөз Монк аол деп жазылған. Мұндағы «к» әрібі «г» болып та оқылады. Қалай болғанда да, ол сөздің қазақша мағынасы «мұң ұл» немесе «мұңды ұл» болып табылады, халха моңғолдың сөзі емес екені айдан анық. Бұл атаудың мәнін тарататын сөз халхаларда бар ма екен? 

     Мен «Орыс моңғол қатынастарының тарыйхы жайындағы құжаттар» деген төрт томдықты қарап шықтым. Жер бетінде ойраттар мен халхалардың бар екенін орыстар қазақтың Көшім ханы бійлеп отырған Сібір хандығын басып алған соң ғана біле бастапты. Көшімнің үш баласы қалмақтармен бірге күн кешіп кетіпті. Ал Есім атты бір ұлы әйгілі Батыр қонтайшымен біраз уақыт бажа да болыпты. Орыстардың ол кезде қазақтар жайындағы мәліметі де мардымсыз екен, олар Есім ханның ұлы Жәңгірді бір құжатта Жәнібек деп шатастырыпты.(2-том, 419-бет). Ондағы құжаттарға қарап отырсаң, орыстардың моңғол деп отырған халқы түгелдей қалмақ болып шығады. Алғашқы жазба дерек 1607 жылдан басталады. Томның алғашқысы 1959  жылы шыға бастапты. Қалмақтар «қара» және «құба» (белый) болып бөлінетінін орыстар сол кезде білген (1-том, 33-бет).

     1619 жылғы бір құжатта: «А по другую сторону Черных Мугалов живут Желтые Мугалы», – делінген (1 – том, 83 – бет). Бұл, әрійне, «моңғол», «моғол» сөзінің өзгеше айтылып кеткен бір түрі. Тағы  бір құжатта: «Олар Қырғыз жерін басып өтіп, Алтын хан (Алтан царь) бійлейтін Мұғал мемлекетіне (мугальское государство) барды», – делінген (сонда, 88-бет). Төрт томның бәрінде де осылай. «Мұғал» деп отырғаны – халха, Алтын хан деп отырғаны – халханың қонтайшысы. Халханың сегізінші Алтын ханын Батыр қонтайшының баласы Сенге тұтқындап, әйтеуір, бірнеше жылдан соң аман босанып шығады. Халхадан өзге де өздерін «мұғал» деушілер болыпты. Мысалы, Сенге « в 1667 году имел войну с мугалским ханом Лоозаном» десе (1-том, 302-бет), Лоозаны – халханың қонтайшысы. Тағы бір жерде Галдам « в том же году ходил в поход на халхов и мугалов» дейді (сонда, 303-бет). Олардың неге «мұғал» немесе «моңғол» атаныуға құштар болғанын Рәшит әд – Дін шығармасынан аңғарыуға болады. Бұрын, татарлар күшті болып тұрған кезде, түріктер өздерін «татарлар» деп атаса, (халхалар ешқашан татар аталмаған – Б.Н.) сол сыйақты, қәзір түріктердің басым бөлігі өздерін моңғол деп атапты. «Подобно  большую часть Турков называют  Монголами» (1-бөлімі, 9-бет).

      Мұны Қадырғалый бабамыз да анықтап жазған: «Оларды, йағный осынау қалың түркіні моғол деп атады, өйткені мұнан ілгері татар жеңіп бағындырған жұрттың бәрін татар деп атап еді» («Армысың, әз баба!»Талдықорған, 2008 жыл, 13-бет,    құрастырған – Наурыз  Қылышбаев, қәзіргіше қазақшалағандар: Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов).

    Өзі түрік халқына жатпаса да, халхалардың Алтын ханы да өздерін «мұғал», «моңғол», Шыңғыс хан мемлекетінің халқымыз деп, ал өзін Қытайдың басшысынан кем санамай, Алтын хан  деп дәріптеуге тырысқан. Бұл күнде қазақ халқының құрамында өмір сүріп жатқан жалайыр, найман, керей, қоңырат тайпалары мен меркіт рұуы да өздерін «моғол», «моңғол», «татар-моңғол» деп дәріптеген. Күйік қаған мен Мөңке қағанның тұсында Шыңғыс қағанның еліне келген еуропалық Карпини мен Рубрук тек татар мен өздерін «моал» деп айтатын түріктерді ғана көріп қайтқан. Халхалар 1969 – жылғы санақ бойынша бір мійлійонға сәл жақындаған. Ал жеті жүз жыл бұрын қанша болғанын бір құдай біледі, ол кезде олардың аты да аталмайды. Ондай халықтың державаға ійе болыуы ертегінің өзінде де айтылмайды.

     Біреу «моғол», біреу «моңғол» деп жүрген түрік тайпалары XV ғасырда Қазақ хандығы құрылғаннан кейін өздерін «қазақ» деп атаған да, моңғол (моғол) аты бірте-бірте ұмытылған. Шындығында, біреудің «моңғол», біреудің «моғол» деп отырғаны бір халық екенін мынадан да байқауға болады.: Рәшит әд-Дін «Монголия» деп отырған сөз арап қәрпімен жазылғанда «Мкулстан» делініпті (сонда, 1-бөлім, 2-бет). Бұл – аудармашы Березиннің қәтелігі. Себебі Монғолия мен Моғолстан екеуі – екі басқа атау. Шындығында, Рәшит әд-Дін кітәбінің еш жерінде «моңғол» сөзі айтылмайды, тек «моғол» деген ғана бар. Ал Березин өмір сүріп отырған заманда «монғол» сөзі кең тарап кеткен болыу керек. Ал өз халқымыздан шыққан тарыйхшы Қадырғалый Жалайырый: «Йесуге (Шыңғыс ханның әкесі – Б. Н.) баһадұр моғол қауымында патша болды», – дейді («Армысың, әз баба!» 42 – бет), енді Әбілғазының жазғанына қараңыз: «Есуки баһадұрдың көзі шаһла еді. Моңғолдар шаһланы боржыған дер еді» (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» Алматы, 1992 – жыл, 40 – бет).     

     Көрдіңіз бе, бір Есугейді біреуі «моғол» десе, біреуі «моңғол» дейді. Осы жағдайды пайдаланған кеңес өкіметі 1924 жылы Моңғол халық республикасын жарыйалаған да жіберген. Сталиннің түрік халқына деген көзқарасын анықтайтын бұл да бір жағдай.

     1937 жылы Шығыс Түркістандағы ұйғыр халқы көтеріліс жасап, жеңіске жетіп тұрған шақта кеңес өкіметі қырғыз жерінде арнайы жасақ құрып, ұйғыр тәуелсіздігін жүзеге асырмай, ұйғыр көтерілісін басып-жаншыды. 1944-1949 жылдар аралығында тағы да жеңіске жетіп тұрған қытайдағы ұйғыр, қазақ, қырғыз халықтарының Үш аймақ көтерілісін кеңес өкіметі тағы да жүзеге асырмай, Үш аймақ басшыларын ұшақ апатына ұшыратты. Сталин халха моңғол халқының көтерілісін қолдап, керісінше татар моңғол халықтарының көтерілісін үнемі тұншықтырып отырған. Шығыс Түркістандағы Оспан батыр көтерілісі де сол сайасаттың құрбаны болғаны белгілі. Қазақстанның астанасын ағаларымыз орысы көп жерден орысы жоқ жерге көшіреміз деп, Орынбордан Қызылордаға көшіріп жатқанда да Сталин мұртынан күліп отыра берді. Өйткені оның көктен сұрағанын құдай жерден берді.

     Шыңғыс хан өз мемлекетін қай жерде, қай аралықта құрғанын Рәшит әд-Дін жұмбақтамай, жарыйа жазған. Ол түрік тарыйхын Оғыз хан дәуірінен бастап, оның хандық құрған мекені қәзіргі Қазақстанның оңтүстігі екенін анықтап жазады. Қарахан мен Оғыздың арасында мұсылман дінін қабылдау жолында жетпіс – жетпіс бес жыл бойы соғыс жүргенін, ақырында мұсылман дінін қолдаған Оғыздың жеңіске жеткенін айта келіп, оның Юрсукъ (Түркістан обылысындағы Ійірсұу болыуы мүмкін – Б.Н.), Какъян және Қарақорым (бұрынғылардың айтыуынша, қәзіргі Матай тауы – Б.Н.) деген жерлерді қыстағанын, ал оның Талас және Қары – Сайрам қалаларының маңайында екенін жазады. Және, көргендердің айтуынша, Қары – Сайрам қаласының өте үлкен екенін, оның ана шетінен мына шетіне жетіу үшін бір күн кететінін де жазады (1-бөлім, 13-бет).

     Бұл сөздің шын екеніне мен, мәселен, еш күмән келтірмеймін, себебі Түркістан обылысындағы Өгіз сайдың Оғыз хан атына қатысы бар, ал сол жердегі Шәуілдір мен Байылдыр мекендері бекерден-бекер Оғыз хан ұрпақтарының атымен аталмаған деп ойлаймын. Аудармада олар «Байалдур» (27-бет), «Джаулдур» (28-бет) деп жазылған. Ал бұл өңірде бұрын-соңды халхалар өмір сүрген де емес, сүріуі мүмкін де емес, өйткені олар – түрік  халқының ежелден бел ортасы болған атамекен жерлер.

     Березин мен Әбілғазы «моңғол», ал Қадырғалый бабамыз «моғол» деп отырған керей, найман, меркіт, жалайыр, қоңырат тайпаларының қәзір қай жерде өмір сүріп жатқанын бәріміз де білеміз. Бірақ Шыңғыс хан заманында олардың қай араны мекендегеніне кейбіріміздің көзіміз жете бермейді. Оған да үңіліп көрейік.

     Тоғызға толған Теміршыңды (Сәкен Сейфуллин бастаған қазақ оқымыстылары, 1776 жылы жазған кітәбінде Қазыбек бек Тауасарұлы оны осылай атайды, мен соның дұрыстығына сенем) әкесі Есугей қыз айттырыуға қоңырат еліне алып барады да, қайтар жолында оған татарлар у беріп, ақырында ол содан қайтыс болады. Демек, татарлардың мекені қоңырат пен Есугей ауылының ортасында.

     «Татар тайпалары қытай бійлеушісі Алтын ханға бағынады», – делінген аудармада (2-бөлім, 34-бет).

     Кітәбінің «Татар елінің байаны» деген тарауында Әбілғазы былай дейді: «Татардың жақсылары және көбірегі Қытайға жақын Биұрнаур деген жерде отыратын еді («Түрік шежіресі», Алматы, 1992 жыл, 35-бет). «Биұрнаур» дегені – Бүйірнор немесе Бүйіркөл, ол бүгінде де солай аталады, Шығыс Түркістанда.  Керейдің Уан ханы мен Шыңғыс хан, Алтын ханның өтініші бойынша, татарларды шапқанда, Құлжа өзені арқылы (Ұлджа) көтеріледі. «Нарат» деген жерге барады. Ол жер әлі де Нарат аталады, Іле өзенінің («Онон» деп жазылған) бас жағында. Ол кездегі татарлардың мекен – сол ара.

     Ал қоңыраттар қайда отырған?

     «Қоңыраттардың тұрағы Онгудың шетінде, Александр қабырғасы секілді қорғанның қасында, Қытай мен Моңғол елінің ортасындағы аймақта», – деп жазыпты Рәшит әд-Дін (аударманың 1-бөлімі, 149-бет). Енді Онгу қайда дерсіз? Рәшит әд – Дін оны да анықтап, «Халахин Алат пен Онгу қытай қорғанымен шектеседі», – дейді (сонда, 3-бет). Тарыйх мұның бәріне мән бермесе, оның несі тарыйх? Картаға қараңызшы, Бүйірнор көлі (жері) халха мен Қытайдың ортасында жатқан жоқ, Қытай мен қәзіргі Қазақстанның ортасында жатыр. Демек Шыңғыс хан халха моңғол емес, татар моңғол. Ол моңғол – бізбіз, бүгінгі қазақ. Сенбесеңіз, Әбілғазы бабамыздың жыйнағына қараңыз! «Моңғол жұртының күн шығысында сегіз су бар еді, оны Сегіз мұрын дер еді. Ойрат елі сол сулардың ортасында отырар еді… Моңғол жұртының шеті – Селенге, оның арғы жағында отыратын торғауыт деп аталады» (сонда, 36-бет).

     Мұны жалпақ тілмен айтсақ, бұрын моңғол аталған меркіт, керей, найман, қоңырат, жалайырлар қәзіргі Моңғолия аталған халхалардың батыс жағында отырған, әлі де сол орнында қазақ деген атпен отыр. Ал Селенге өзені қәзіргі Монғолияның күн шығысында емес, күн батысында.

     «Моңғол жұртында екі тау бар, – дейді Әбілғазы, – ұзындығы күншығыстан күнбатысқа қарай созылып жатқан ұзын таулар,… сол екі таудың арасында моңғол жұртының күнбатысында тағы бір тау бар, оны Құттағ дейді» (сонда, 32-бет).

     Шыңғыс ханның мекені өзі жүріп өткен жолдағы екі таудың ортасында екенін Карпини де жазған. Бұл екі таудың бірі Жоңғар болса, екіншісі Іле Алатауы емес пе? Құттау дегені, әрійне, Қаратау.   

     Солай ма, жоқ па, оны анықтай түсіу үшін қытайлық дерекке де көңіл аударып көрелік.    

     Қытай мұрағатында жатқан, әуелгіде «Моңғолдың құпыйа шежіресі», кейін «Моңғолдың қасыйетті шежіресі» деп Ресей ғалымдары жалған ат берген шығарманы қытай тілінен орысшаға алғаш аударған – Кафаров («Труды членов Российской духовной миссии в Пекине», том 4, 1866 г). Ол шығарманың алғысөзінде: «Бұл шығарманың түп нұсқасы астананы оңтүстіктен солтүстікке көшірген кезде жоғалған. Шығармаға ат қойылмаған», – дейді. Алайда мұрағат қызметкерлері Кафаровты алдаған деп ойлаймын. Себебі ол шығарманың қолжазбасы жоғалған болса, Тілеуберді Әбентайұлы аударған «Шыңғыс қағанның құзауыры» деген атпен қытайшадан аударылған шығарма қайдан шықты? Мұнда қандай құпыйа бар? Меніңше, біреу-ақ: ол шығарманың аты көне қазақ тілінде болғанына қарағанда, шығарманың өзі де көне қазақ тілінде және арап қәрпімен жазылған.

     Сол кездің дәстүрі бойынша, қызы Бөртені ұзатып әкеле жатқан Дай (Тай) шешен оны Урахчуэльге дейін әкеліп салады да, әйелі қызымен бірге кетіп, өзі кейін қайтып кетеді (сонда, 181-бет).

     Кафаровтың Урахчуэль дегенін қазақшаласақ, «Орақшы ел» болып шықпай ма? Ал  Орақты Шыңғыс ханның Андастан бұрынғы бабасы ғой, қазақ  шежіресі бойынша. Және ол араның Кері өлең (қәзір Терісаққан) бойында екені де айтылады аудармада.

     Кафаров дауа ілімінің негізін қалаушы монах Чан Чун Цзының Шыңғыс ханға қалай барып жолыққаны жайлы жазылған «Монах Чан Чунның батысқа сапары» атты жолжазбасын да орысшаға аударыпты. Ол жолжазбаны Чан Чунның қасында сапарлас болған Ли Чжи Чань атты шәкірті жазған (сонда, 266-бет). Сапарлас топта жыйырма адам болыпты.

     Олар әуелі оңтүстік астанадан солтүстікке қарай жүреді. Содан кейін ұйғыр жеріне жетеді. Ал ол кезде Шыңғыс хан батыс жақта жорықта болатын. Ұйғырлардың қәзір де, ол кезде де қытайдың батыс жағында отырғанын білеміз. Чан Чун: «Мен Шыңғыс ханның елі мен жерін ол жоқта басқарып отырған кенже інісі Отчигенге жолығыуым керек, оған уәде бергем», – дейді де, солай бұрылады. Ал Отчиген деп отырған Теміге ол кезде Керөлең өзенінің бойында отырыпты. Отчиген деп, отырғаны қазақтың «Отшақа», «Отшаған» сөзі болса керек. Мағынасы «отқа немесе шаңыраққа ійе бала» деген сөзді білдірмек. Біз қәзір «бала-шаға» деп жүрміз, баланы жаңа тұуған кезде «шақа» деген ғой қазақ. Кербұлақ ауданындағы Шаған тауы сол отшағанның отырған жеріне дәл келеді.

     Чан Чунның тобын Шыңғыс ханның кенже інісі өзі қарсы алады (сонда, 280-бет).

     Енді ойлап қараңыз, ол топ Отшағанға жолығыу үшін ұйғыр жерінен қәзіргі халхалар отырған жаққа кері бұрылған жоқ, ілгері жүрді. Сонда Шыңғыс ханның ордасы қайда болғаны?

     Шыңғыс ханның  ордасы Эквиус («Екі өзен» – Екісұу, Көксұу мен Қаратал өзендерінің қосылған жері) және Қайылық (Қайалық) қалаларының маңайында екенін Еуропалық Карпини де, Рубрук та жазып кеткенін ескерсек, бір тоқтамға келетін кезіміз болды-ау деп ойлаймын: Шыңғыс ханның Алтын Ордасы Қазақстан жерінде болған.      

     «Шыңғыс хан – қазақ» дегенді бізден бұрынғылар да айтқан. Бірақ қолында бійлігі барлар олардың үнін өшірді, өшіре алмағанын құудалады, қорқытты. 1952 жылы Хетагуров аударған Рәшит әд-Дін кітәбінің алғысөзіндегі «кейбір пантүрікшілер мен панисламшылар оны түрік дегісі келеді» деген үрейлі пікір біздің зыйалы қауымды әрі қорқытты, әрі үнін шығармай келді. Сол отарлық дағдыға бойы үйреніп қалған кейбіреулер ортамызда әлі бар. Әйткенмен Тілеуберді Әбенайұлы бауырымыздың «Шыңғыс қағанның құузауырын» қытайшадан тікелей қазақшаға аударыуы Шыңғыс хан тақырыбына, шын мәнінде, төңкеріс жасады: ол жер аттарын дәл аударыу арқылы ұйқтап қалған санамызды қайта сілкіледі. Шыңғыс хан мен Жамұқаның алғаш соғысқан жері Зерен Қапшағай, екінші ірет соғысқан жері Күйтең (қәзіргі Кійтің), ол соғысқа Шыңғыс ханның Көренлік (Баркөрнеу), ал Уан хан бастаған Керей қолы әлі күнге дейін Керей сай аталатын жерден қарсы шыққаны, Шыңғыстың өз тайпасына хан болған жері Көкнор (Жасыл көл), оның тұуған жері Теліген Бөлдағ (Екі бөлек тау – Қосқотырқай) мен Шұбардың және Көде аралдың (Аралтөбенің), солардың қасынан ағатын Керөлең (Терісаққан), Жамұқаның хан сайланған жері Алқабұлақ (Айнабұлақ), оның мекені Сарықыр (Сарөзек), Шыңғыс ханның мекені Бұрқан тауы, тайшыуаттардан қашып тығылған тауы – Түргентау, тоғыз күн тығылған жері – Түргентоғай; Түрген өзенінен әкеліп, Онанда кісендеп қойған жерінен қашып, өз ауылына келген жері – Бүркей  Ірге (Ірге тау); меркіттерден қашып  Көренлік арқылы Бұрқантауға барғаны, елін керейлер шапқанда Шыңғыс ханның аң аулап жүрген жері – Түрген    мен Сөгеті, керейлермен соғысқан жері – Қарқара мен Келте қада (Сынтас – сынған тас), тағы басқа жер-сұу аттарының кейбірі тұп-тұура, кейбірі сәл өзгерген күйде – бәрінің Алматы обылысынан табылыуы еріксіз ойлантады. Кез келген тарыйх белгілі бір жерде, орында өтеді, сондықтан жер-сұу аттары – тарыйхтың түп қазығы.

Ескерту: Материалда автордың орфографиялық, емлелік тілдік қолданыстары сақталды. 

Жалғасы бар...

Тегтер: