Шыңғыс хан құрған мемлекет қайда?

Соңы басы мына жерде…
Шұбар ауылының Алтынемел жақ бетінде, Нұрғалый Нүсіпжанов ағамыздың тұуған ауылы Доланалының қасында Шыңғыс сай атты сай бар.
Ол, меніңше, алжыған әлдебіреудің айта салған аты емес, тарыйхтың сұуырылмай қалған бір шегесі. Осыншама мекеннің бір-бірімен қанаттас, қабырғалас бір өңірде жатыуы бекер ме? Осыны көп ойладым. «Шыңғыс ханның ата-бабасы да, өзі де осы өңірде өмір сүрсе, төрт жүз жыл бойы екі бабасы отбасымен бірге тығылып қалған Ергенеқон атты мекен де осы төңіректе болыуы керек қой», – деген сұрақ ұзақ уақыт мазамды алды. Ақыры таптым. Әбілғазы бабамыз бен Қадырғалый бабамыз оның біреуі Елханның ұлы – Қыйан, екіншісі Елханның інісінің баласы Нүкүз («Нөкіс» деп жазыушылар да бар), екеуі құрдас еді деп жазады.
Осы дерекке біз онша мән бермей келген сыйақтымыз. Елхан кім, оның інісі кім?
551 жылы қыс ішінде Жужандарға кенет шабыуыл жасап, оны жеңіп, 552 жылы тұңғыш Түрік қағанатын құрған Булын қаған таққа отырғанда Елхан аталады да, ал оның інісі – Естемі кейін ол да қаған болады. Түрік қағанатын құрған олар түрік болса, сол екеуінің ұрпағынан тараған Шыңғыс хан кім болады? Бұл тіпті даулаусыуға ұйалатын ақыйқат емес пе?
Енді Әбілғазы бабамыздың жазғанын оқыйық: «… он күн дегенде бір кеште екеуі әйелдерімен қашып шықты. Өздерінің жұртына келіп еді, жаудан қайта қашып келген төрт түлік малдың түр-түрінен де көп мал бар екен. Екеуі кеңесіп: «Егер елге барсақ, елдің бәрі бізге жау; жұртта отырсақ, жүрген-тұрғанның көзіне түспей тұрмаспыз, оданда таудың ішінен жұрттың айағы жетпейтіндей бір жер табайық», – деп шешті. Малдарын айдап, таудың етегіне барды. Бір бійік таудың ішіне кіріп, арқардың салған ізімен таудың үстіне көтерілді. Тоқтап, айнала қарап көріп еді, өздері келген жолдан басқа жол жоқ екен, келген жолдары өте қыйын, тек түйе мен жылқы әрең өтетін жол еді, егер айағын қата басса, жардан ұшып кететіндей еді. Таудың үстінде үлкен бір жазық жер бар екен, айнала ағып жатқан сұулар, жердің шөбі қалың, ағаштарында түрлі-түрлі жеміс-жійдек өсіп тұр, аңдары да көп жер еді. Мұны көргеннен кейін тәңірге шүкіршілік етіп, келген төртеуі қыста малдарының етін жеп, жазда сүтін ішіп, терісін кійім етіп кійді. Ол жерге Еркіне қон деп ат қойды. Еркіненің мағынасы – таудың кемері, қонның мағынасы өткір деген болады» (Әбілғазы, «Түрік шежіресі», Алматы, 1992, 28-бет). «Өткір» дегені, сірә, «тік жар» деген мағынада болса керек.
Басқа тарыйхшылар ол жерді Ергенеқон деп жазады. Тарыйхтың жазуынша, Шыңғыс ханның (Шыңқұз хан) бүкіл әулеті осы екі отбасынан тарайды.
Дәп осы араға мені өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының бірінде Жәркент аудандық гәзетінің редакторы Қазалый Сембаев алып барды. Қорғас өзенінің бойында орналасқан «Красный Восток» қалхозы басқармасының орынбасары Әбжәлел деген жігіт, інім Сұлтанбек, Қазалый төртеуміз мәшійнемен батысқа қарай жүріп, Алмалысұу деген сайға келдік те, сонда отырған шопаннан төрт ат мініп, қайтадан шығыс жақтағы тауға қарай өрледік. Жол ортасына келгенде, дәл Әбілғазы бабамыз жазғандай жар үстіне келдік, інім Сұлтанбек қорқаннан атын жетектеп жайау өтті. Сөйтіп Ойжайлау аталатын жерге түнделетіп әрең жеттік. Ертеңгісін жан-жағыма қарасам, бұл жайлау айналасын тау қоршаған дөңгелек жазық жер екен. Шығыс жақ іргесін кемерлеп Қорғас өзені ағады. Ол жақтағы тауды талқандап, қытайлар тасжол салып жатыр екен, біздің мемлекеттің Қорғас өзенінің бойымен салып жатқан жолы, шамасы, быйыл бітетін болыу керек.
ҚР су шарыуашылығының аудандық бөлімінің бастығы Керімқұлов Тоқтарбай атты ініміздің (1957 жылы тұуған) маған берген мәліметі бойынша, Қорғас өзенінің бойындағы Басқұншы ауылынан Ойжайлауға дейін он бес шақырым. Ойжайлаудың көлемі – 5100 га. Жалпылай Ойжайлау аталатын өңірде Аршалы, Қарағайлы, Қасқабұлақ, Арасан атты жеке-жеке сайлар бар. Бұл араны басқа жұрт тұрмақ, Жәркенттіктердің көбі біле бермейді, өйткені жолы өте қыйын. Мәселен, Қорғас Арасанға барыу үшін, көп жеріне ағаштан баспалдақ жасап жол салған. Әлемдік деңгейде тексеріс жасасақ та, бұл араның ертедегі Ергенеқон екенін мойындайтынына сенімдімін. «Ергене» сөзін Березин «барьер» деп аударады. Бұл сөз қазақтың «ергенек» сөзімен мағыналас. Ал «қон» дегеннің қәзіргі мағынасы «қоныс» болса керек. Екеуінің де түрік сөзі екеніне ешкім күмән келтіре қоймайды. Бұл тарыйхый дәлел, біреуге жапқан жала емес, долбармен айтқан жорамал да емес, жер-сұудың өзі айтып тұрған ақыйқат.
Қыйан мен Нүкүз қай жылы жаудан қашқанын дәл баспасақ та, шамалауға болады. Елхан өлгеннен кейін бір баласы Мұқан қаған болған да, ұзамай қайтыс болады. Жау, сірә, түріктерді сол Мұқан өлгеннен соң шапқан тәрізді. Өйткені екі құрдас өз еліне (жұртына) барыудан да қорқады. Ал Шығыс түрік қағанатының астанасы Сұйаб (қәзіргі Тоқпақ) қаласы болғаны белгілі. Оның қәзіргі Моңғолиядан гөрі Жәркентке жақын екені әркімге-ақ айан.
Ергенеқонға кейін қоңыраттар да келген. Өйткені төрт ғасырдан соң ол арадан алдымен қоңыраттар шыққаны деректерде айтылады. Шыңғыс ханның өзі мен бүкіл ұрпақтарының қоңыраттармен құдандалас болыуының басты себебі де осында.
Тағы бір дәлел: Шыңғыс хан заманында осы арада өмір сүрген жалайырлар күні бүгін де осы өңірде өмір сүріп отыр. Біреу «моғол», біреу «моңғол» деп жазған жалайырлар – осы, жер бетінде басқа жалайыр жоқ. Жалайырлардың ежелден Қаратал (Кері өлең) өзенінің бойында өмір сүргенін «Зафарнаманы» оқыған әр адам-ақ біледі. Ақсақ Темір Моғолстанды он шақты ірет, Қаратал бойындағы жалайырларды да бірнеше ірет шапқан, Жәркенттің желкесіндегі Тышқан аталатын жердегі бір рұулы елді түгел қырып, Іле арқылы Өндір тауына өткен. Ақсақ Темір XIV ғасырда шапқан Моғол (Жете) жерінде Шарын, Шелек, Ұржар, Айагөз, Ійт ішпестің ала көлі, Қой маңырақ, Ертіс деген жер-сулар болған. Ол жерлер XXI ғасырда да сол орнында тұр. Мұның бәрі жазба тарыйх. Біз де, біздің сайасат та жоқ кезде жазылған тарыйх.
Қазақ хандығы ХV ғасырда осы Елханның екі ұрпағы төрт жүз жыл тығылған Моғолстанға келіп құрылғанын, оның Қазақстан жері екенін, М.Дулатый бабамыздың анықтап жазғанын қай тарыйхшы білмейді?
Енді өткен тарыйхымызға оймен қарасақ, осы бір аймақта ежелден өмір сүріп келе жатқан халықтың әуелде сақ, онан соң құн, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда бірі – үйсін, бірі – құн, бірі – қаңлы болып үш мемлекет құрғаны, одан кейін түрік, Оғыз заманында ұйғыр, Шыңғыс ханға дейін татар, содан соң моғол (моңғол), ақырында қазақ атанғанын көреміз.
Бұл халық тұуралы Қадырғалый Жалайырый: «Барлығы Оғыз тұсында мұсылман болды. Кейбір халықтар, ағалар, ағаларының балалары Оғыздан басқа жерде еді. Олар күн шығыс жақты мекен етті. Моғолдардың барлық жыйынтығы солардың нәсілінен (ұрпағы) тарады… Олардың уалайаттары түгелдей Талас, Сайрамнан Бұхараға дейін алды», – деп жазса («Армысың, әз баба!», 19-бет), Әбілғазы бабамыз одан ары тереңдетіп, «Қыпшақтар Дон, Еділ, Жайық өзендерінің арасында отырар еді», – деп жазған жоқ па? («Түрік шежіресі», 1992 жыл, 31-бет).
Олай болса, Шыңғыс хан бұл елдерді басып алған жоқ, бөлек-бөлек бійлік құрып кеткен түрік халқының басын біріктірді. Ол сөйтіп Шыңғыс хан мемлекетін құрды. Оны құрған Жошы да, Батый да, Үгедей де, Шағатай да емес, Шыңғыс ханның өзі. Ол балаларына:«Өз мемлекетіңнің абыройлы болашағын қорғаңдар!» – деген ғой («Алтын тобчи», Москва, 1973, 240-бет). Ал ол мемлекеттің шығысы сол кезде қоңыраттар отырған Ұлы Қытай қорғанынан басталып, батысы қыпшақтар отырған Дон (Дөң) өзеніне шейін созылса, оңтүстігі Бұхарадан басталып, солтүстігі Мұзды мұхыйтқа дейін созылып жатқан жоқ па еді?
Әлемнің тарыйхы әр заманда әрқыйлы дамыйды: бір кезде Ұлы қытай қорғанының қасында отырған қоңыраттар қәзір Қазақстанның Түркістан обылысында отыр, бұрын Шығыс Түркістанның өзінде, төрінде отырған найман, керей, уақ, меркіттер ығыса-ығыса келіп, қәзіргі Шығыс Қазақстанда тұрақтап отыр, ал бұрын Шыңғыс хан мемлекетіне қараған бұлғар, татар, башқұрт, саха, ұйғыр, қарақалпақ, болған, хакас, шұбаш, ноғай, құмық, балқар, хазар, қарашай, шеркес, тыба, ұранқай, сойот, долған, марыйел, табасаран, барна, алтайлық, теле, теленгіт (төлеңгіт), телеуіт, шор, топа, қотан, тұман, қарайым, ғағауыз, қырым татарлары, бесермен, байат, салар, дәргін, йофа, шұлым секілді бірі аз, бірі көп түрік халқы мен рұу-тайпалары қәзіргі күнде қандай күйде, қайда екенін әркім-ақ біледі деп ойлаймын. Шыңғыс хан мемлекетінің құрамында болған өзбек, қазақ, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, тәжік халқы ғана бұл күнде дербес мемлекет құрып отыр.
Тарыйхтың дерегіне сүйеніп айтсақ, бүгінде біз жайлап отырған Қазақстан мемлекетінің жері – Шыңғыс хан бабамыз құрған мемлекетінің бел ортасы: шығысы да, батысы да, оңтүстігі мен солтүстігі де – бәрі мүжілген.
Шыңғыс хан мемлекетінің орталығы немесе ордасы Моғолстанда болды. Кейін оны Алтын Орда деп атап кеткен – орыстар. Ал Алтын орда деген – мемлекеттің басшысы – ханы немесе патшасы отыратын үй. Ресейдің Кіремілі, қазақтың Ақордасы сыйақты. Қазақ хандары да, хандардың ата-баба хандары да Алтын ордадағы алтын тақта отырған.
Оғыз хан жайында Рәшит әд-Дін былай деген: «Он созвал великое собрание, развил Золотой шатер» (Березин аудармасы, 1-бөлім, 22-бет). Бұл оқыйғаны Қадырғалый бабамыз «Алтыннан орда тікті,… ұлы той жасады», – деп жазады (аталмыш кітәбі, 19-бет). 1245 жылы, Шыңғыс хан қазасынан кейін он сегіз жылдан соң Күйіктің (бәлкім, Кійіктің) қаған сайланыу рәсіміне қатысқан Плано Карпини:«Бір әдемі жазыққа, тау арасындағы әлдебір бұлақтың қасына өздері Алтын Орда деп атайтын басқа шатыр тікті», – дейді («Путешествия в восточной страны», Алматы, «Ғылым» баспасы, 1993 жыл, 67-бет). «Басқа шатырдан» бөлек тіккені ол – Сары орда, онда отырып, Күйік қаған өз елінің ішкі мәселесін шешсе, Алтын ордада шет ел адамдарын қабылдаған. Орыс кінәзі Яраславілге осы Алтын ордада у беріліп, ол содан өлгені белгілі. Соның бәрін Карпини өз көзімен көрген, жазған. «Ярославнаның жоқтауы» дейтін орыс халқының шығармасы осы оқыйғаға байланысты тұуғаны және белгілі. Бұл Алтын орда найманның ұйғырмен шегаралас жерінде Қарақорым атты астанада тігіледі. Жалпы, отыз қанат үйді қазақтар ғана Алтын орда деп атайды.
Шыңғыс хан өзі құрған мемлекетті көзі тірісінде төрт ұлысқа бөліп, төрт ұлына бөліп берген. Төрт баласы төрт орда тігіп отырды. Ал орталықтағы Қарақорымда бас хан болып отыратын адам Сары орда (Карпини «Сыр – орда» деп жазады) және Алтын орда екеуін қатар тігетін еді. Бас хан (қаған) болып әуелде Үкітай, одан соң Күйік, одан соң Мөңке, одан кейін Құбылай сайланды. Батыйдың, Шағатай мен Төленің ұлысы – бәрі Алтын Ордада отыратын қағанға бағынатын. Құбылай бас ханның Алтын Ордасын Қарақорымнан Ханбалыққа (Бежін) көшіріп әкеткен соң, бұл дәстүр бұзылды, Шыңғыс хан мемлекеті төрт дербес мемлекетке бөлініп кетті де, оларға Алтын орда қәжет болмай қалды. Бұл – Құбылай қағанның Қытайға өте пайдалы, ал қазаққа зыйаны тійген ісінің «жемісі». Ұлы державаның бірте-бірте күйреуіне де жол ашқан – сол қәтелік. «Шыңғыс хан әулетінің соңғы төрт ханы» атты кітәбінде И.Бичурин төрт қағанның еңбегіне егжей-тегжейіне баға береді.Оны оқыған адам бүгінгі Қазақстанның сол Шыңғыс хан құрған мемлекеттің орнында отырғанын да түсінеді. Бұл – құпыйаға жатпайтын жарыйа жағдай. Мен інтернеттен ХІІІ ғасырда еуропалықтар сызған, латын қәрпімен жазылған «Шыңғыс хан империясы» деген картаны көрдім. Жоғарыда мен айтқан жердің бәрі сол картада белгіленіп тұр.
Жоғарыда «моғол», «моңғол» сөздерінің төркіні «мұң ұл» деген түрік сөзі екеніне тоқталдық. Ал осы «мұң ұл» деген сөздің өзі қайдан шықты? Ол сөздің Шыңғыс ханға қандай қатысы бар?
Меніңше, оған екі жағдай бір-біріне үстеме болған. Біріншісі – Елхан Бумының ұлы Қыйан мен Елханның інісі Естемінің ұлы Нүкүздің жау шапқыншылығы кезінде Ергенеқонға қашып барып тығылыуына қатысты жағдай. Елден, жерден айырылған олар мұңды ұл болмағанда, қандай ұл болмақ? Оларды өзге жұрт «мұңды ұл» демегенде, қандай ұл дейді?
Екіншісі – одан кейінгі, Әбілғазы бабамыздың жазыуынша, Шыңғыс ханның жетінші атасы – Дотуман ханның жағдайы. Ол өлгенде, артында тоғыз ұлы, Мұнұлұн атты әйелі қалады. Аш жалайырлар жаужұмыр дейтін шөптің тамырын қазып жеп, ауыл төңірегін ой-шұңқыр қылып қазып тастағанын көріп, өлген ханның балалары оларды сабап құуалайды да, екі арада төбелес шығады. Аш, жалаңаш, ашынған жалайырлар ханның сегіз ұлын, оған қоса қолдарына түскен біраз адамды да қырып салады. Балалардың анасы Мұнұлұн да өлгендердің ішінде кетеді. Тек қыз айттырыуға кеткен Хайду хан ғана аман қалады, ол – Шыңғыс ханның алтыншы атасы («Түрік шежіресі», 45-бет). Хайдудан басқа сегіз ұлды өлтірген жалайырларды өзге жалайырлар сөгіп, Хайду ханға ұлын құл, қызын күң етіуге шешім жасайды. Олай болса, сегіз бауырынан, анасынан айрылған Хайду хан мұңды ұл аталмағанда, қалай аталыуы мүмкін?
«Мұнұлұн» деген сөздің түбірінде де «мұңды ұл» дегенге ұқсастық бар. Бірақ «мұңды ұлға» ол сөздің қатысы болмаса керек? Оның дұрысы Мыңұлын болыуы мүмкін деп ойлаймын. Тарыйхтың тәлейіне қараңызшы, егер Хайду хан да жалайырлардың қолынан өлсе, онда тарыйхқа Шыңғыс хан да келмес еді. «Мен мұңұлмын» немесе «мұңұлдың ұрпағымын» деп Хайду да, Шыңғыс хан да айта қоймаса керек, оларды солай атайтындар сырттағылар, өзгелер.
И. Бичуриннің жоғарыда аталған шығармасында Хайду хан «Черная вода» – Қара сұу – Қарақол деген жерді жайлағаны айтылады. Ол ара әлі де Қарақол аталады, ақын ағамыз Рахметолда Нұрпейісов сол Қарақол аталатын жерде тұуған.
Әсет Найманбаев өзінің дастандарында төрелерді нұрдан жаралған деп жырлайды. Шыңғыс хан жайында жазылған барлық дерек ол тараған ұрыуды «нирун» деп жазады. «Нұр» сөзін ежелгі түріктердің «нир» деп атауы мүмкін емес секілді. Ол күдікті Березин аудармасындағы арапша жазыу да өршіте түсті. Аударманың 1-бөлімінде ол сөз арап әрібімен нрун деп жазылыпты (34-бет). Ал 42-бетте норин деп жазылған. 74-бетте орсон деп арапша жазылғанды Березин урсун деп аударған. Біз «о» деп отырған бір әріп төбесіне әр түрлі нүкте мен үтір қойыуына байланысты, біресе о, у, қ болып оқыла береді. Осыған қарағанда, парсы тілінің ықпалымен қазақтың «нұр» деген сөзі «нир» болып қәте жазылып кеткен болу керек деп ойлаймын. Әбілғазы мен Қадырағалый бабаларымыз да бұл сөзді «нирун» деп жазған, өйткені олар да барлық деректі парсыша жазылған Рәшит әд-Дін кітәбінен алған. Березин аудармасында арап әрібімен қәте жазылған сөздер кездеседі. Мәселен, 78-бетте «ойрат» сөзі арап әрібімен аойрат болып жазылған, бірақ «й» әрібінің астына қойылатын екі нүкте қойылмаған. Осыларды көре отырып, Рәшит әд – Дін кітәбіндегі «нұрин» сөзі «нирун» болып, алдыңғы «нұ» бұуны мен соңғы «ни» бұуынының орны ауысып кеткен-ау деп ойлаймын. Бұл сөз арап әрібінен көбінесе «нирун» деп жазылғанмен, кей жерде «нирон» (213-бет), кей жерде басқаша жазылып кеткен. Кей сөздердің бұуынын ауыстырып жіберетін Рәшит әд-Діннің әдеті бар екенін Березин де ескертеді. Мәселен, Керулен өзенінің атын оның үнемі Келурен деп қәте жазатынын айтады (222-бет).
Березин кейбір моңғол сөздерінің орысша мағынасын да көрсетіп отырады. Мысалы:«канк» – «арба», «карлук» – «снежний» (223-бет), «ур – хан» – «верх хан»,«куз – хан, значить, око – хан», «кук» – «небо» (2-бөлім, 225-бет). Осы сөздерден де татар моңғолдың, йағный түріктердің төбесі көрініп тұрған жоқ па?
«Моңғолдың құпыйа шежіресінде» (Өлгий, 1979, 141-бет) Шыңғыс ханның сүйегін қазақ арбамен әкеле жатқаны айтылады. Арбаны алғаш жасаған – қаңлылар. Ал қазақ арбаны қазақтың өзі жасамағанда, кім жасайды. «Қазақ арба» дегені, сірә, жақтауы бійік, дөңгелегі үлкен арба болса керек. «Қазақ» сөзі мен қазақи мінездің бұрыннан белгілі екеніне бұл да күә.
1952 жылы аударылған Рәшит әд-Дін кітәбінің алғы сөзінде Шыңғыс хан мемлекеті жайында «олар түрік тілді емес, моңғол тілді» деген пікірдің жалған екенін осы жоғарыдағы сөздер-ақ дәлелдеп тұр емес пе?
Қазақтың қай тайпасынан шықса да, Шыңғыс хан – бүкіл қазаққа ортақ тұлға. Біріміз оны адай деп, біріміз найман, тағы біріміз шанышқылы не қоңырат деп, әрбіріміз әр жаққа тарта берсек, одан тарыйх бүтінделмейді, әр жерінен әрғалай жырымдалады, өсек пен өтірік көбейеді. Әбілғазы бабамыз «Жалайыр елінің байаны» деген тарауда оны анықтап айтқан. «Көп ел еді, сансыз көп болар еді. Көбірегі монғол жұртында Онон деген жерде еді. Бір рет қытайдан көп әскер келіп, бір жерде жыйылып отырған жалайыр халқын шауып, малын-мүлкін талап, бірқатарын құл-күңдікке алып кетті… Шыңғыс ханның жетінші атасы Дотумен хан өліп, артында тоғыз ұл қалды», – дейді ол («Түрік шежіресі», 45-бет).
Бұған бірдемені алып-қосыудың қаншалық қәжеті бар? Шыңғыс ханның қытайлардан кек алыуының да себебі осы оқыйғадан анықталып тұрған жоқ па? Қытайлар және Амбағайды да ағашқа байлап өлтірген жоқ па? Амбағайдың өлерінде: «Кегімді алыңдар!» – деп аманаттағаны тағы бар.
«Жалайырлар он бір атаға дейін, йағный Шыңғыс ханның төртінші ұрпағына дейін пенде болып жүрді», – дейді Әбілғазы «Түрік шежіресінде» (сонда, 45-бет).
Қазақша жазылған бұл сөзді тағы қазақшаға аударыудың не қәжеті бар?
Боданжардың бір баласынан «доғлан» елі тарағанын, олардың көпшесі доғлат аталатынын жазады Березин (сонда, 30-бет). Мен осы сөзде де шійкілік бар-ау деп ойлаймын. Себебі Алтай – Сайан өңірінде «Долған» аталатын түріктер бар. Мұндағы «Доғлан» сол «Долған» болыуы мүмкін. Өйткені Рәшит әд-Дінде аталатын «ұранхай», «теле», «теленгіт», «телеуіт» атты түрік тайпалары мен рұулары осы күні Алтай – Сайан өңірінде, сол Долғандармен қатар өмір сүріуде, бәрі де түрік моңғолдар. Доғланды Доғлат деп, Бәйдібек бабаның ұрпағы Дулаттармен шатастырған болыу керек деп ойлаймын.
Теміршыңның шешесі «Олун – эхэ» делінген, ал қазақ шежірелерінде «Өлең» деп айтылады, сол дұрыс шығар. «Өөлун», «Оолун» деп жүргеннің бәрі, меніңше, оны түріктен алыстатыу үшін, әдейі бұрмалаған.
Жалайыр тайпасының ежелгі тұрағы деп көрсетілген Онон өзенінің жазылыуы мен айтылыуы да ойлантады. Березин аудармасында ол арап әрібімен Онн деп жазылған (1-бөлім, 13-бет).
Екі «н» әрібінің ортасында жазылмай қалған әріпті біреу «о», біреу «а» деп оқып келеді. Мен дұрысы «а» болыу керек деп ойлаймын. Өйткені Қарақорымға келген Карпини де, Рубрук та ол өзеннің атын «Онан» деп жазады. Ал олар ол сөзді елдің өз аузынан естіген. Түрік тілінде ол сөз «Өнән», йағный «нән өзен» деген мағынаны білдіреді. Ол, Тілеуберді Әбенайұлының дәлелдеуінше, Іле өзенінің дәріптелген аты. Мен осы пікірге қосылам, өйткені өз жеріндегі біз Онон деп жүрген өзенді халхалар Онын дейді екен және халха тілінде оның мағынасы да жоқ екен. Демек ол сөз – оларға жат сөз. Соларды бійлеген Шыңғыс хан ұрпақтарының: «Біздің Өнән секілді өзен», – дегенінен өзгерген сөз болыуы мүмкін.
Шыңғыс қағанның атамекенін біржола даусыз анықтайтын бір шара – оның бейітін табыу. Оның бейіті Ұлытаудағы Алашахан мазары деген пікір – дәлелсіз. Ахмет ханның Алаша хан аталғаны тарыйхтан белгілі, сондықтан оның бейітіне Шыңғыс ханды таластырыу – ыңғайсыз нәрсе. Оның үстіне, Қадырғалый Жалайыр бабамыз бұл жағдайды ап-анық жазған. «Уалайат Таңғұтта қаза тапты, – дейді ол. – Доңыз жылы рамазан айының он төртінші күні тарыйхтың 624-інде өз ордасына әкелді… Өз жерінде бұрын уақытта қорық бұзирг қылыуды дайындап еді, сол жерге қойылды («Армысың, әз баба!» 54-бет)».
Рәшит әд-Діннен Березин былай аударыпты: «Шыңғыс ханның Бұрқан –Қалдұндағы ұлы мәртебелі қорымын (запретную рощу) күзетіуші болып сол қанаттың бійі, мың күзетшіні басқаратын мыңбасы, Селдес тайпасынан шыққан Удаджи тағайындалды, олар ұландық құрылымға («гвардейский корпус») ешқашан кірмейтін. Құбылай қағаннан басқа Толыйдың өзі мен оның үрім-бұтақтары, бүкіл үрім-бұтақтарымен қоса Мөңке қаған – бәрі осы мәртебелі қорымға жерленген; Шыңғыс ханның өзге ұрпақтарының мәртебелі қорымы басқа жерде» (сонда, 1-бөлім, 92-бет).
Ұлытауда Жошының қасында мұнда айтылғандай қалың қорым жоқ, жекелеген бірер бейіт қана бар. «Запретная роща» дегені, қазақшалағанда «қорғалатын тоғай» деген мағына беретін болса, «Қорғанақ Шұбар» ауылының аты осы сөзден қалса керек.
Шыңғыс ханды артында қалған балалары, ұрпағы өздері қасыйетті санаған жерге ғана жерлейтіні даусыз деп ойлаймын. Ондай қасыйетті жер – Шыңғыстың тұуып- өскен жері: Кері өлең өзенінің бойындағы Шұбар мен Аралтөбе және Шыңғыс сай. Ол жердің бұрын да, қәзір де қасыйетті саналыуы тійіс екенін мынадан да аңғарыуға болады. «Алтын топшы» кітәбінде: «Сыйыр жылы (1229) қырық үш жасында Кері өлең бойындағы Хұдуге аралда Үгедей ұлы таққа отырды», – делінген (Москва, 1973, 24-бет).
Мөңке де өстіген. «Қырық беске келген жасында Шыңғыс қағанның кенже ұлы Толыйдың баласы Мөңке доңыз жылы (1251) төртінші айдың үшінші күні Кері өлең бойындағы Худуге аралда таққа отырды», – делінген (сонда, 247-бет).
Таңғұт жерінен Шыңғыс қағанның мәйітін әкеле жатқанда, қазақ арба балшыққа тығылып қалады. Сонда Құлығат атты батыр: «Сені құрметтейтін халқың мен сенің мемлекетің, сенің тәніңді жұуған суың, сенің сансыз моңғол халқың, Өнәндегі Делійгүн Болдағ – сенің тұуған жерің ғой!.. Сенің сөйлейтін халқың, сенің хан тағына отырған ордаң Кері өлең бойындағы Арал – бәрі сол жақта ғой! – деп, Шыңғыс ханның мәйітіне қарап тақпақтайды (сонда, 241-бет). Сонда қазақ атарба жүріп кетеді. Осыншама қастерлі, қасыйетті араға жерлемей, Шыңғыс ханды басқа араға жерлепті дегенге адам баласы қалай сенеді?
Кербұлақ ауданындағы Қорғанақ Шұбар ауылы мен оның оңтүстігіндегі Шыңғыс сай екеуінің арасында он бес шақты хан обасы бар. Археологтар оның бәрін қазып тастаған, бірақ тарыйхқа жарты сөйлем де жаңалық қоспаған. Төленің де, Мөңкенің де бейіттері соның ішінде із-түзсіз кетті деп ойлаймын.
Шаған тауының оңтүстік бетінде, Шыңғыс сайдың солтүстік қарсысындағы екі ортада, Сарөзек – Қорғас тас жолының жағасында өзге обаларға еш ұқсамайтын, дөңгелек кійіз үй кейпіндегі үлкен оба тұр. Бейітінің төбесі түскен, үстіне мәшійне емін-еркін шыға береді. Осы обаны мен Шыңғыс ханның бейіті деп жорамалдаймын. Әрі соған сенемін. Амал не, археологтар да, тарыйхшылар да оған әлі көңіл бөлмей келеді. Жыл өткен сайын ол оба да мүжіліп барады. Сірә, мемлекет басшылары көңіл аудармаса, оны зерттеуге ешкім құлшына қоймайтын сыйақты. Алтын адамды табыу да тарыйхқа керек шығар, алтын тарыйхты анықтау одан да керегірек деп ойлаймын.
Шыңғыс ханның қай жерде тұуып-өскенін, қай халықтың баласы екенін анық білген екі мемлекеттің ғалымдары: біріншісі – Қытай, екіншісі – Ресей. Және, бір қызығы, оның сол шындығын жасыра білген де осы екі ел.
Шыңғыс хан құрған мемлекеттің біраз жерін бұл күнде ійемденіп отырған да осы екі мемлекет. Сондықтан олар үшін Шыңғыс ханның шындығын жасырыу – өздеріне тійімсіз сол шындықты да жасырыу. Ал бодандық жүйенің жасырғаны мен бұрмалағанын қалпына келтіріу – біздің азаматтық борышымыз.
Тарыйхшылардың көбі «Шыңғыс хан Қазақстанды жаулап алды» деп сенімді жазады. Ешбір елдің басшысы өз елін өзі жаулап алмайды. Шыңғыс хан бүкіл түрік жұртын бір мемлекетке бағындырды.
Түрік аталатын елдің қай өңірден шыққанын, қай жерлерді мекендегенін, қай тілде сөйлегенін, мемлекетінің атын қай тілде атағанын – бәрін жыйнақтап қарасақ, бәрінің де бел ортасында қазақ тайпаларының жүргенін көреміз. Сонда Түркійе пірезійденті Тұрғұт Озалдың: «Қазақстан – біздің атажұртымыз», – дегені де еріксіз еске түседі.
Әрійне, Шыңғыс қағанның шындығы халха моңғолдарға ауыр тійеді, алайда қазақтың онда ешқандай кінәсі жоқ, тек өз тегін іздеуге, табыуға толық қақысы бар.
Ескерту: Материалда автордың орфографиялық, емлелік тілдік қолданыстары сақталды