Шыныққан бала шымыр болады
Елімізде балалар спорты жан-жақты дамуда. Соның ішінде ат спорты өңірлерде айтарлықтай қолға алынып, сол бойынша жұмыстар атқарылып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балаларды қолдау жылы» деп қана қоймай, кішкентай бүлдіршіндердің бұқаралық спортпен айналысуға белсенді тарту, спорт секцияларын ашу және шығармашылық үйірмелердің қызметін қайта бастауға міндеттеу керектігін айта отырып, «Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» деген болатын. Осы орайда, өңір-өңірлерде балаларға айрықша көңіл бөлініп, ат спорттары ашылуда. Атап айтсақ, Орал қаласында ат спорты бір жыл бұрын қолға алынды. Ондағы басты мақсат – балалар арасында кеңінен насихатталып, жас ұрпақтың осы спортқа құлшынысын арттыра отырып, әр баланың ат құлағында ойнап, өзін ат үстінде еркін сезінуіне, бойында төл спортпен айналысқанына мақтаныш сезімі болса деген ниет. Және бұл спортпен айналысуға тек жастан асқан балаларды алады. Өйткені көбіне ұлттық ат спорты 15 жастан басталғанымен, кез келген саладағы жетістік ұзақ жылдардан, спортта ұзақ жаттығудың септігі тиеді деп сенеді. Сонымен қатар Қызылорда облысында балалар жылына орай, 50 шақты спорт және балалар ойын алаңдары салынуда. Ал балалар алаңдары Баламекен ауылында 560 шаршы метр болатын аумаққа спорттық тренажерлар мен балалар ойын алаңы, футбол алаңдары салынады.
Ал Маңғыстау облысында балалар жылы аясында бокстан ашық турнир өтті. Онда 2011-2012 жылы туған балалар былғары қолғаппен өнер көрсетіп, сайысқа шықты. Жарысқа облыстың әр өңірінен жалпы 140 жас боксшы қатысқан болатын. Сонымен қатар Қостанай облысында балалар жылы аясында тоғызқұмалақтан алғаш рет жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өткізілді.
Ал Жалпақтал ауылында «Спорт күні» аясында ауыл тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында ашық есік күні өткізіліп, спорттың 13 түрі, яғни волейбол, баскетбол, футбол, бадминтон, шахмат, үстел теннисі, дзюдо күресі, самбо, грек-рим, қазақ күресі, еркін күрес, ауыр атлетика, армрестлинг қол күресі бойынша тегін үйірмелерге шақыру басталып кетті. Бұл жасөспірімдер үшін жасалынған үлкен мүмкіндік деп білеміз.
Дарынды балалардың өнерін шыңдаумен би өнеріне деген қызығушылықтарын арттыруға қатысты Орал қаласында 3-17 жас аралығында фестиваль өткізілді.
Балалар жылында атқарылған тағы да жемісті әрі сәтті жүргізілген жұмыстарға келсек, Көкшетау қаласында Алатау school 0-4 сынып балаларына арналған бастауыш мектебі ашылды. Онда 2 реттік ыстық тамақ, балаларды тасымалдау қарастырылған. Және жекеменшік мектепте балалар бассейні, ат спорты, футбол, каратэ, би, театр үйірмелеріне қатыса алады.
Міне, балалар жылында атқарылған жұмыстарды тізбектесек, өңірлерде жасалынып жатқан жұмыстар әзірге осы. Алдағы уақытта елімізде балаларға әлі де біраз мүмкіндіктер қарастырылады.