Шыңжаңның шырғалаңға түсуі

10.03.2020, 15:30

31

  1864 жылдың7  қазанындағы Ресей мен  Цин  империясы  арасындағы   Шәуешек келісімі  бүтін   отырған қазақ  жұртын тұңғыш  рет бөліске  салды. Міне, осы кезден  бастап «Ресей қазақтары»  және «Қытай  қазақтары» деген атау  пайда болды. Бүгінде Шыңжаң аталып кеткен Қытайдың солтүстік-батыс аумағыныңІле, Алтай, Тарбағатай аймақтары ежелгі қалмақ қонысы болғанымен, кейіннен қалмақелі Қытайдан жеңіліп, аяусыз қырғынға ұшыраған соң, бұл аймақтарға біртіндеп қазақтарқоныс тепті.

    1757-58 жылдары аталған аймақтармен қоса, қазіргі Жаркент, Қашғар қалаларынЦин империясы басып алды. Сондай-ақ 1760 жылы бұл орасан зор аймаққа«Синь-Цзян» (Жаңа өлке) деген атау беріп, өз аумағы ретінде иелене бастады. Дегенменқытайлар қалалық ел болғандықтан, бұл өңірге бірден келе қоймады. Ормандай қалыңқалмақтың атақонысы болып келген Жоңғар Алатауының ұлан-байтақ арғы-бергі аумағы,Жетісу өңірі, Іле өзенінің атырабы, қырғыз елінің біраз бөлігі, Тарбағатай менЗайсан маңайы біраз жыл иен қалды. Осы шұрайлы аймақтардың бос қалғанын аңғарғанқазақ жағы Абылай ханның көреген саясатының арқасында, яғни Цин династиясыменкеліссөз жүргізіп, жылына 1000-дай арғымақ беру арқылы жаз жайлауына пайдалануғакелісті. Келе-келе осы құнарлы өңірлер қазақтың атамекеніне айналды.

     Алтәуелсіздік жолында үздіксіз ұлт-азаттық күрес жүргізген ұйғыр халқы XVIII-XX ғасырлардаҚытайға қарсы 400-ден аса көтеріліс жасады. Әсіресе XIX ғасырдың өне бойында ұйғырқожалары басқарған көтерілістер көлемі мен саяси мақсаты жағынан жойқын болды. Бірақ1851 жылғы Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісімінен кейін өзара қарым-қатынасынжақсартқан екі империя онсыз да басы қосылмай жатқан ұйғыр хандықтары мен сұлтандықтарынекі жақтан талай бастады. Ал 1871 жылы Ресей империясының әскерлері Іле сұлтандығынбасып алғанымен, 1879 жылғы Ливади келісімі бойынша ол аймақты Қытайға қайтарыпберді. 1884 жылы Цин империясы Ұйғырияға қайтадан «Синьцзян» деген атау берді.

     Ресейпатшасының 1916 жылғы атышулы жарлығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт-азаттықкөтерілістерден кейін орыстың жазалаушы әскерлерінен қашқан қазақтар мен басқада түркі халықтары Шыңжаңға өтіп, ол жердегі эмигранттардың үлкен шоғырын құрады.Міне, осы кезеңнен бастап РК(б)П ОК саяси бюросы Шыңжаң мәселесін ерекшеназарда ұстады. Шыңжаңдағы Қытай билігі де кеңестік Ресеймен жақсы қарым-қатынасжасауға мүдделі болды. Себебі Шыңжаң экономикасында басты рөл атқаратын сыртқысауда-саттықта Ресей басымдыққа ие болатын.

     1920 жылы Шыңжаң өкіметі Пекиннің келісімі бойынша Құлжаға кеңестіксауда-дипломатиялық миссиясын келіссөздерге шақырды. Нәтижесінде 1920 жылы 27мамырда Құлжа қаласында Шыңжаң мен кеңестік Ресей арасындағы сауданы реттепотыратын кеңестік агенттікті ашу жөніндегі Іле келісімі жасалды. Келісімбойынша екіжақты сауда Қорғас арқылы өтетін жалғыз жолмен жасалатын болды.Міне, осы кезден бастап ШҰАР билігі кеңестік Ресейдің айтқанын істеп, Шыңжаңғашоғырланған ақгвардияшылардың негізгі ошағын жоюға көмектесті. Олардың А.Дутов,Б.Анненков, Н.Денисов сияқты басшыларының көзі жойылды. Екі ел арасында аса үлкенмаңызға ие болған керуен саудасы орнады. Кеңес мемлекетінен Шыңжаңға қант, сіріңке,мұнай өнімі, мата, жіп, темір мен шойын бұйымдар, ыдыс-аяқ және т.б. шығарылса,ол жақтан былғары, тері, жүн, жібек, мақта, шай, темекі, жылқы, сиыр, кепкенжеміс-жидек тасымалданды. 1926 жылы екіжақты сауда 1913 жылғы деңгейге жетсе,1929 жылы ол деңгейден 63,2 пайызға асып кетті.

    Кеңес Одағы басшылығының XX ғасырдың 30-жылдарында Шыңжаңға қатысты қабылдағаншешімдеріне қарап, Шыңжаңның толық КСРО дотациясына көшкенін көруге болады. Әсіресе1933 жылы ақгвардияшылардың көмегімен Шыңжаң билігіне келген Шен Шицайдыңкезінде Кеңес–ШҰАР қарым-қатынасы ерекше қарқынды дамыды. 1933 жылдың тамызындаөткен БК(б)П ОК Саяси бюросының мәжілісінде Шыңжаң экономикасын дамыту жөнінде қаулықабылданды. Саяси бюро Шыңжаңға 4 пайыз жылдық өсіммен 5 миллион рубль қарызберіп, оны алтын, қалайы, тері, жүн және т.б. тауарлар арқылы қайтарудыміндеттеді.

Шыңжаң билігінің жетекшісі Шен ШицайдыңСталинге жазған хаттарында оның шексіз жағымпаздығын байқайсыз. Оның хаттары«Менің ең сенімді жолбасшыларым – Сталин, Молотов, Ворошилов…» деп басталып,«Марксизм-ленинизмге және Сталинге берілген және сіздің нұсқауларыңызды жүзегеасырушы Шен Шицай» деп аяқталады. Екінші жағынан, Саяси бюро Шыңжаңдағы антикеңестікэлементтерді жою кезінде осы Шен Шицайдың көмегіне жүгінді. Жергілікті мұсылманхалықтарының ұлт-азаттық қозғалысын басуда асқан қатыгездігімен көзге түскенШен Шицай КСРО басшылығының қолтығына кіре отырып, өзінің Шыңжаңдағы саясибилігін нығайтты.

     КСРО 30-жылдардың соңында Шыңжаң экономикасын толық монополиялап,жергілікті валютаның курсына әсер ете бастады. 1933 жылдың жазында СәбитДамолла және Мұхаммед Эмин Бұғра басшылығымен құрылған Шығыс Түркістан ИсламРеспубликасының өзі ақгвардиялық әскерлердің киімін киген ОГПУ-дың 13-ші Алматыполкы мен 10-шы Ташкент полкы әскери қызметкерлерінің күшімен талқандалды.Осындай жағдайда жергілікті қытайлық билік өкілдерінің өзі Шыңжаңның КСРО-ға қосылуытуралы мәселені бірнеше рет көтереді. 30-жылдардың өне бойында Сталиннің қолтығынакіріп, кеңестік саясаттың қолжаулығына айналған Шыңжаң дубаны Шен Шицай 1942-43жылдары ашық антикеңестік бағыт ұстап, Чан Кайши билігін қолдай бастайды. ШенШицайдың осындай саясатынан кейін Кеңес Одағы бұған арнайы шешім қабылдауға мәжбүрболады Л.Берия, С.Круглов, В.Абакумовтың Сталинге жолдаған баянхатында осышешімді орындау үшін Шыңжаң өлкесіне арнайы адамдар жіберіліп, қытайларға қарсыкөтеріліс ұйымдастыру жұмысының қарқынды жүріп жатқаны айтылады. Міне, осы ұйымдастыружұмысының нәтижесінде Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтарының қазақтары көтерілісжасап (Оспан батыр көтерілісі), Шыңжаңдағы қытай жасақтарын талқандайды. Сөйтіп,1944 жылдың 7 қарашасында Құлжа қаласында Шығыс Түркістан Республикасы құрылады.

    Осыарада біздің таратып айтарымыз, Шыңжаңда өз уақытында ұйғырлардың күшімен 1933жылы Шығыс Түркістан Ислам Республикасы құрылса, сталиндік биліктің қолдауыменжәне ұйымдастыруымен Оспан батыр жасаған көтерілістің арқасында Шығыс ТүркістанРеспубликасы құрылған болатын. Жалпықытайлық Чан Кайши үкіметіне қарсы орыстаркезінде Моңғол Республикасын ұйымдастырса, кейіннен осы Шығыс Түркістан Республикасындүниеге келтіреді. Бірақ Қытайдың коммунистік партиясының жетекшісі Мао Цзедунбастаған армия Чан Кайши үкіметін талқандап, бүкіл қытайлық билікті өз қолынаалады. Осы орайда, 1945 жылы Мао Цзедун мен Сталин келісімшартқа отырып, достыққарым-қатынас орнатады. Бұдан әрі орыстарға Шығыс Түркістан Республикасыкерексіз болып қалады. Кезінде өздері ұйымдастырған Моңғол және Шығыс ТүркістанРеспубликасының бірін қытайларға жығып беру керек болды. Ақыры кейіннен ұйымдастырылғанШығыс Түркістан Республикасын талқандау үшін қытайларға ерік береді. Ал МоңғолРеспубликасы Чойбалсанның (Моңғол партиясының жетекшісі) орыстарға қайта-қайтакеліп, өтініш жасауының арқасында сақталып қалды. Мао Цзедун бұл республиканы даөз елінің құрамына кіргізуге Сталинге талай рет өтініш жасаған болатын. Сөйтіп,кеңестік Сталин басқарған Саяси бюро Шыңжаң мұсылмандарының тағдырымен ойнап, өздеріқұрған мемлекетті өз қолдарымен тұншықтырды. Міне, Кеңестер Одағы Саясибюросының Шыңжаңға қатысты осындай шешімдері өрескел қателік болды.

     1953жылы Сталиннің орнына келген Хрущев тобы 1956 жылы өткен партияның XX съезінде«жеке басқа табынушылықты» айыптады.

Міне, осы кезден бастап КСРО мен ҚХР билігіарасына жік түсіп, салқындық пайда болды. Осының барлығы Шыңжаңдағы мұсылман тұрғындарыныңжағдайына орасан зор кері әсерін тигізді. Қалай деп айтсақ та, осы өлкедегі түркі-мұсылманелдерінің 1944 жылы қол жеткізген саяси тәуелсіздігі өз бесігінде тұншықтырылды.Моңғол елі Сталиннің көңіл жықпастығының арқасында Қытайға қосылудан әзер аман қалса,ал Шығыс Түркістан Республикасы және оның түркілері кеңес билігінің қытайларғарұқсат беруімен азаттығынан мәңгілік айырылып, шүршіт елінің құрамына қосылды.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Журналистер одағының мүшесі

 

                                                                           
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2020, 20:04
Әртіс әкімдер
09.03.2020, 13:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
03.03.2020, 17:42
Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр
23.08.2019, 18:50
Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды
16.06.2019, 12:44
«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»
14.06.2019, 04:45
Митинг: Орыстілді журналист әріптесінің үстінен полицияға шағымданды

Аңдатпа


  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30
  • Жетім бала елге аманат
    13.10.2020, 10:33