Си Цзиньпин Дональд Трамптың инаугурациясына қатыспайды
CBS News хабарлауынша, Қытай басшысы Трамптың инаугурациясына Вашингтонға баруды жоспарлап отырған жоқ. Бұған дейін телеарна АҚШ-тың сайланған президенті Си Цзиньпинді өзі шақырғанын хабарлаған болатын.
Қытай басшысы Си Цзиньпин қаңтарда Дональд Трампты АҚШ президенті ретінде ұлықтау рәсіміне Вашингтонға бармайды деп күтілуде. Телеарна бұған дейін де дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Трамп қараша айында өткен президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін көп ұзамай Си Цзиньпинге рәсімге жеке шақыру жібергенін хабарлаған.
Сонымен қатар, Қытайдың АҚШ-тағы елшісі мен оның жұбайы 2025 жылдың 20 қаңтарында елордада өтетін Америка Құрама Штаттары Президентінің инаугурациясына дәстүрлі түрде қонақ болады деп күтілуде.Телеарна сұхбаттастарының айтуынша, қытайлық дипломатқа Бейжіңнен тағы бірнеше шенеунік қосылуы мүмкін.