Бүгін, 09:50
Си Цзиньпин Трампқа шарт қойды

Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-пен жаңа сауда келісімін жасау үшін Дональд Трамптан Тайвань тәуелсіздігін ресми түрде қолдамауды талап етті. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.
Бейжің Байден тұсындағы «Тайваньды қолдамаймыз» деген мәлімдемені жеткіліксіз деп санап отыр. Сондықтан Қытай тарапы Трамптан нақты әрі ресми ұстаным күтіп отыр. Тайвань мәселесі Қытай үшін ұлттық мүдде мен аумақтық тұтастықтың өзегі болып саналады. Бейжің аралды өз аумағы ретінде көріп, сыртқы қолдауды егемендігіне төнген қатер ретінде қабылдайды.
Трамп Қытаймен сауда байланысын нығайтқысы келгенімен, Тайваньға қатысты жұмсақ позициясы республикашылдар мен Қытайға сын көзбен қарайтын топтардың қарсылығын күшейтуі ықтимал.