Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:10

Сиднейдегі теракт құрбандарының саны 16 адамға жетті

Аустралия
Фото: скриншот

Австралия полициясының мәліметінше, Сиднейдегі Бонди-Бич жағажайында Ханука мерекесі кезінде болған қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға дейін өсті.

Құрбандар арасында шабуыл жасаушылардың бірі – 50 жастағы ер адам бар. Екінші күдікті ауыр жараланып, қатаң бақылаумен ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы сын көтермейді.

Полицияның хабарлауынша, жалпы 42 адам ауруханаға түскен, олардың ішінде төрт бала бар. Бұған қоса, ABC News мәліметінше, жараланғандар арасында екі полиция қызметкері болған.

Шабуыл қалай жасалды?

Екі белгісіз адам Хануканы атап өтуге келген адамдарға оқ атқан. Алғашқы оқ 18:40-та атылған, атыс он минутқа жуық жалғасқан. Сол сәтте жағажайда шамамен 2 мың адам болғанын Аустралия Сионистік федерациясының президенті Джереми Лейблер хабарлады.

ABC арнасы полициядағы дереккөзге сүйене отырып, шабуылдаушылардың бірінің аты-жөні Нарвид Акрам екенін жазды. Полиция оның Сидней маңындағы Бонниригг ауданындағы үйінде тінту жүргізіп жатыр.

Полиция оқиғаны ресми түрде теракт деп атады. News.com.au басылымының құқық қорғау органдарындағы дереккөздері шабуыл бірнеше ай бойы жоспарланған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тегтер: