"Сіңілім дәрігерлердің кесірінен көз жұмды"

17.01.2019, 23:54

178

Ақтөбеде  26 жастағы келіншек  ауруханада қайтыс болды. Марқұмның туыстары оның өліміне Ақтөбе облыстық медициналық орталығының дәрігерлерін кінәлап отыр. Емдеу мекемесінде 2 апта  ес-түссіз жатқан Инна ПИЛИЧ бақилық болады.[caption id=«attachment_23164» align=«alignleft» width=«286»]Татьяна Пилич[/caption]«Сіңілімнің жүктілік мерзімі – 5-6 апталық болатын. Басы ауырып, жүрегі айнып қоймаған соң, ауруханаға барды. Гинекология жағынан барлық емді жасадық, бұл жүкітіліктің белгілері деп шығарып салды. Лоқсу бәсеңдегенімен, бәрібір басы ауырғаны қоймады. Кейін күйеуі екеуі аборт жасатуға шешім қабылдады. Үйге шыққанымен, сіңлімнің жағдайы жақсармады. Күннен-күнге әлсірей берді. Басын тіктеп ұстап отыра алмады, ас-су ішуден қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына жағдайды айтып, қайтадан ауруханаға түстік. Инсульт орталығына. Неге МРТ жасамайсыздар деп сан мәрте айттым дәрігерлерге. Тек жүктіліктен ғана осылай бас ауыры мүмкін емес деумен болдық. Оған құлақ асар ешкім болмады. Тек сіңлім әбден әлсірегенде томографияға түсіріп, Арнольда-Кияр дерті деген  диагноз қойып, витаминдер еге бастады.  18-желтоқсанда ол комаға түсті.[caption id=«attachment_23165» align=«alignleft» width=«208»]Марқұм Инна Пилич[/caption]Оның менингоэнцефалитке шалдыққанын қайтыс болғаннан кейін мәйітханада сараптама жүргізгендер айтты. Мен дәрігерлердің салғырттығының кесірінен сіңлімнен, 3 пен 4 жастағы ұлы мен қызы анасынан, күйеуі жарынан айрылып отыр. Кінәлылардың жазасын алғанын қалаймын. Қазір прокуратураға шағымдандым», — дейді Татьяна ПИЛИЧ.Дәрігерлер болса, осы арнайы сараптаманың қорытындысын күтіп отырғандықтарын айтты. Дегенмен, келіншекке тиісті ем-домның барлығы жасалғанын, дәрі-дәрмек бәрі уақытылы берілгенін түсіндірді. Инна Пиличтің өліміне не себеп болғанын тек тексеріс жұмыстары аяқталған соң білеміз деп отыр.[caption id=«attachment_23166» align=«alignleft» width=«300»]Зәмза Хайруллина[/caption]«Гистология   нәтижесін әлі алған жоқпыз. Бірақ, бұл жерде мүмкін келіншектің бұрыннан келе жатқан сырқаты болды ма, сол асқындырды ма, олай да болуы мүмкін. Ол бізе дерті өршігенде түсті», — дейді Ақтөбе облыстық медициналық орталығы сапа және менеджмент қызметінің басшысы Зәмза ХАЙРУЛЛИНА.Фотолар автордікі және nokta.md 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00