Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:16, 29 Мамыр 2023

Сіріңкемен ойнаған үш жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Алматы облысында жанармай құйылған құты жанында сіріңкемен ойнап жүрген үш жасар баланы күйік шалды, — деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомстыо мәліметінше, 27 мамырда Ташкенсаз ауылында екі бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Біреуі бензин құтысының жанында сіріңке жаққан. Содан от лап ете қалып 2020 жылы туған баланың мойыны, арқасы, бөксесі, оң жақы иығы, жалпы, денесінің 20-29 проценті күйіп қалған. Оны дереу Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жеткізіп, бала жансақтау бөлімінде жатыр.

«Егер қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталса, бұл қайғылы оқиғаны болдырмауға болар еді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жанғыш заттары бар канистрлерді балалардың қолы жететін жерлерде сақтамаңыз, сіріңкемен ойнауға болмайтынын түсіндіріңіз», — деді ТЖМ.

Тегтер: