Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:37

Сирия ұлттық валютасын Ресейде басудан бас тартпақ – жаңа билік Асадтың портретін банкноттан алып тастайды

Сирия фунты
Фото: moneyman.ru

Сирия билігі 2012 жылдан бері Ресейде басылып келген сирия фунттарын енді басқа елдерде шығару жоспарын жария етті. 

 Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Жаңа үкімет банкнот дизайнын өзгертіп, 2000 фунттық купюралардан бұрынғы президент Башар Асадтың портретін алып тастамақ.

Ресеймен келісім тоқтайды

Сирия фунттары кейінгі 12 жылдан бері Ресейдің "Гознак" мемлекеттік кәсіпорнында басылып келген. Алайда Башар Асад режимі желтоқсан айында құлаған соң, жаңа үкімет валюта басу ісін қайта қарауға кіріскен.

Жаңа серіктестер: Германия мен БАӘ болмақ

Reuters-тің дерегінше, сириялықтар Германияның мемлекеттік Bundesdruckerei типографиясымен және Giesecke+Devrient жеке компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ БАӘ-де орналасқан Oumolat компаниясымен де байланыс орнаған. Сирияның қаржы министрі мен Ұлттық банкі басшысы мамыр айының басында Біріккен Араб Әмірліктеріне арнайы сапар жасаған.

Асадтың бейнесі банкноттан алынады

Жаңа билік ұлттық валютаның дизайнын жаңартуға кіріспек. Соның ішінде 2000 фунттық банкноттан Башар Асадтың портретін алып тастау жоспарланған. Бұл – елде символикалық түрде саяси өзгерістің белгісі ретінде қабылданып отыр.