Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

Сирияда әлі де 100-ден астам химиялық қару қоры бар — NYT

Сирия көшесі
Фото: unn.ua

 Сирияда Башар Асад режимі пайдаланған химиялық қару қоймалары әлі де бар екені хабарланды.

 Сирияда Башар Асад режимі құлағаннан кейін 100-ден астам химиялық қару қоймасы қалды. Бұл туралы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының (OPCW) ақпаратына сілтеме жасап The New York Times хабарлады.

Сырттан келген зерттеушілер, коммерциялық емес топтар мен барлау агенттіктері алған ақпаратқа сәйкес, Сирияда азаматтық соғыс кезінде көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындарға қарсы қолданылған химиялық қарудың қоры әлі де бар.

Башар Асад режимінің зарин, хлор және қыша газы сияқты улы заттары бар қаруларды қолданғаны атап өтілді. Соғыстың бірінші жылында үкімет химиялық қаруды өндіретін және сақтайтын 27 нысанның бар екенін мойындады. 

Бұрынғы режим кем дегенде 2018 жылға дейін химиялық қару қолданғаны хабарланған. Бұған қоса, Асад үкіметі де негізгі химиялық қаруды импорттауға қатысқан. Кейбір химиялық қаруды сақтайтын қоймалар спутниктер арқылы анықталмайтындай етіп үңгірлерде немесе басқа жерлерде жасырылған деп есептеледі.

«Сарапшылар қарулы топтардың химиялық қару жасалған мұндай нашар күзетілетін нысандарды басып алуы мүмкін деп алаңдайды», - делінген хабарламада.

Сирияның Қорғаныс министрлігі өткен айда Башар Асад режимінің жақтастарына қарсы операцияның аяқталғанын хабарлады. Қақтығыстарда мыңнан астам адам қаза тапты, олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар.

Башар Асад 2024 жылы желтоқсанда көтерілісшілердің жылдам шабуылынан кейін Сириядан қашып кеткен. «Хайят Тахрир аш-Шам» қозғалысының мүшелері екі аптаға жетпеген шайқастан кейін Дамаскті басып алып, Асад режимінің құлауына әкелді. Кейінірек Сирияның бұрынғы президенті мен оның отбасы мүшелері Ресейден пана тапқаны белгілі болды.