10:08, 10 Желтоқсан 2024
Сирияда әйелдерді хиджаб киюге мәжбүрлеуге тыйым салынды
Сирияның қарулы оппозициясының басшылығы әйелдерге күштеп хиджаб киюге тыйым салатын жарлық шығарды. Бұл туралы Сирияның мемлекеттік Al Watan газеті хабарлады.
Басылымның жазуынша, директивада әйелдерді хиджаб киюге мәжбүрлеуге немесе олардың киім таңдауына кедергі жасауға арнайы тыйым салынған.
«Жоғарғы қолбасшылық әйелдерді белгілі бір киім киюге мәжбүрлеуге немесе олардың не киетінін таңдау құқығына нұқсан келтіруге немесе сыртқы келбетіне қатысты шағым жасауға үзілді-кесілді тыйым салады», - делінген хабарламада.