Бүгін, 13:40
Сириядағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар сотталды
Қазақстандықтар Сириядағы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қазақстанның екі азаматына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды.
«Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы лаңкестік ұйымдардың мүшелері болған, шетелдік серіктестермен бірлесіп жүргізген операциялар нәтижесінде шетелде анықталып, еліне жеткізіліп, қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Олардың бірі Түркістан облысының тұрғыны лаңкестік топтың әрекетіне қатысқаны үшін (ҚР ҚК 257-бабы) кінәлі деп танылды. Екіншісі, Атырау қаласының тұрғыны осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ шетелде террористік дайындықтан өткені үшін (ҚР ҚК 260-бабы) сотталған.