Сириялық оппозиция күштері тағы бір қаланы басып алды
Оппозиция күштері президент Башар Асадқа соққы беріп, Сирияның төртінші ірі қаласы Хама қаласын кескілескен шайқастан кейін басып алды, деп хабарлайды Al Jazeera.
Сирия армиясы қаланы тастап кетуге мәжбүр болған.
Ең қуатты оппозициялық қарулы топтың жетекшісі "Хайят Тахрир аш-Шам" өздерінің Хаманы толық бақылауға алғанын деп мәлімдеді.
Көтерілісшілер Сириядағы ең үлкен әуежайлардың бірі – қаланың әскери әуежайын да басып алған. Хама тұрғындарының көпшілігі қаланы тастап кеткен.
Дарем университетінің қызметкері Роберт Гейст Пинфолдтың айтуынша, егер оппозиция Хаманы басып алса, оның символдық та, стратегиялық мәні де болады.
" Хаманы басып алу Сирияның ең көп қоныстанған аймақтарын байланыстыратын басты орталық қала Хомс пен Дамаскке де жол ашады. Хама сонымен қатар үлкен діни азшылық қауымдастықтары бар екі ірі қаланы бақылау үшін өте маңызды. Хама провинциясы сонымен қатар Асадтың халық қолдауының негізгі базасы саналатын Латакия жағалауындағы аймақпен шектеседі", - дейді ол.
Бейсенбіге дейін Хама 2011 жылы президент Башар Асадқа қарсы көтеріліс ретінде басталған соғыс кезінде үкіметтің бақылауында болды. Өткен сәрсенбіден бері оппозиция топтары Сирияның солтүстік-батысындағы өздері бақылайтын аудандардан оңтүстікке қарай ілгерілеп, демалыс күндері Алеппоны басып алды, ал сейсенбі күні Хамадан солтүстікке қарай жылжыды.
Сириядағы 13 жылдан астам уақытқа созылған соғыстың ең шиеленісті жылдарында президент Башар әл-Асад Ресей мен Иранның қолдауына сүйенді, одақтас күштер 2020 жылы атысты тоқтату келісімі майдан шебін тоқтатқанға дейін оған аумақтың көп бөлігін және ірі қалаларды қайтарып алуға көмектесті. Дегенмен, 2022 жылдан бері Ресей Украинадағы соғысқа назарын аударды, ал Иранмен байланысы бар ең қуатты күш Хезболланың көптеген жоғары лауазымды жетекшілері соңғы айларда Израиль шабуылдарынан қаза тапты.