Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:13, 07 Тамыз 2024

Сыртқы істер министрлігі Бангладештегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

в
Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангладештегі оқиғаларға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады. 

Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынады.Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз, делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Бангладеште премьер-министрі шейх Хасинаның отставкасын талап етіп, студенттер көшеге шыққан болатын. Наразылық кезінде жүзге жуық адамның қаза тапқаны белгілі болды. 

Тегтер: