11:44, 11 Қазан 2024
Скляр Ресейдің энергетика министрімен келіссөздер жүргізді

Роман Скляр мен РФ энергетика министрі Сергей Цивилев энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
2024 жылғы Санкт-Петербург халықаралық газ форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Primeminister.kz.
Кездесуде жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Тараптар энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ниетті.