Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:11, 26 Желтоқсан 2023

«Слова пацана» фильмінің актері кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Сериал Слова пацана
Фото: из открытых источников

Мәскеу соты «Слова пацана» Кровь на асфальте» сериалында эпизодтық рөлді сомдаған актер Сергей Базановты қамауға алды.

Мәскеудің жалпы юрисдикция соттарының баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәскеудің Замоскворецкий аудандық соты 2011 жылы кісі өлтірді деген күдікпен Сергей Юрьевич Базановты қамауға алған. 

Базановқа «адамдар тобы немесе ұйымдасқан топпен адам өлтірді» деген айып тағылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрамында Базанов бар деген қылмыстық топ кәсіпкер Дзабиевке шабуыл жасап, оның 900 мың доллары бар сөмкесін тартып алмақ болған, бірақ кәсіпкер қарсылық көрсеткен. Шабуылшылар оның басын тапаншамен жаралап, ақшасын ұрлап кеткен. Оны фильмді көрген қылмыстық істік куәгері кездейсоқ танып қалған.

Сергей Базанов аталған сериалда  «Универсам» тобының мүшесі Демид рөлін сомдайды.