Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:20

Словакияда он мыңдаған адам тағы да шеруге шықты

Шеру Словакия
Фото: dw.com

Премьер-министр Роберт Фицо үкіметінің ресейшіл саясатына наразылық шерулері Словакияның 41 қаласында және шетелдің 13 қаласында өтіп жатыр. Братиславадағы шеруге кем дегенде 42 мың адам қатысты.

Словакияда 7 ақпан, жұма күні кешке он мыңдаған адам премьер-министр Роберт Фицо үкіметінің ресейшіл саясатына наразылық білдіріп, көшеге шықты. Агенттіктер мен жергілікті БАҚ, атап айтқанда Dennik N жаңалықтар сайтының хабарлауынша, Братиславаның бір ғана Бостандық алаңына 42-45 мың адам жиналған. Шерулер «Словакия – Еуропа» және «Отставкаға кет, отставкаға кет» деген ұрандармен өткен. Ереуілшілер тек астанада ғана емес, 40 елді мекен мен 13 қалада көшеге шыққан.

 Фицоның отставкаға кетуіне қатысты жаңа талаптармен халық наразылығының басты себебі оның желтоқсан айында Мәскеуге сапары, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі болды.

 2023 жылдың күзінде Фицо билікке оралғаннан кейін Словакия өзін Ресейдің әскери агрессиясынан қорғап тұрған Украинаға қару-жарақ беруді тоқтатты.

Фицо грузин легионын өзін биліктен құлатпақ болды деп айыптады

Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо Украина қарулы күштері жағында соғысып жатқан Грузия ұлттық легионын оны биліктен тайдырмақ болды деп айыптады. Бұл туралы Фицо 31 қаңтарда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Министрлер кабинетінің басшысы легион командирі Мамука (Ушанги) Мамулашвилиді қызметінен кетіруге бағытталған наразылықтарға қатысы бар деп санайды. Нәтижесінде Мамулашвили мен тағы тоғыз адамға Словакияға кіруге тыйым салынды.