Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:31

СІМ Бауыржан Байбектің Жапониядағы қызметіне қатысты сауалға жауап берді

Байбек
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бауыржан Байбектің Жапониядағы қызметіне қатысты сауалға жауап берді.

Бұған дейін ашық ақпарат көздерінде Алматы қаласының бұрынғы әкімі шетелде жұмыс істеп, жапон инвестициясы мен технологияларын тартуға байланысты жобаларға қатысып жүргені туралы мәліметтер тараған болатын.

2025 жылдың күзінде оның әпкесі Айгүл Байбек телеграм-арналардың біріне берген сұхбатында Бауыржан Байбектің бір жарым жыл бойы Жапонияда жүргенін және жапон капиталының қатысуымен инновациялық жобаларды дамыту ісімен айналысып жатқанын мәлімдеген еді.

СІМ-ге жолданған ресми сауалға жауапта ведомство Бауыржан Байбектің Қазақстан мен жапон ІТ-компаниялары арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге қатысы бар екені жөнінде ақпараттың жоқ екенін хабарлады.

«Министрлік Қазақстан Республикасының азаматы Бауыржан Байбектің Қазақстан Республикасының жапон ІТ-компанияларымен ынтымақтастығын ілгерілетуге тартылғаны немесе осы бағыттағы келіссөздерге қатысқаны туралы мәліметке ие емес», — делінген ведомство жауабында.

Аталған мәселеге қатысты министрлік қосымша түсініктеме берген жоқ.

Тегтер: