Смадияров «Азаттық» радиосына аккредитация неге берілмегенін айта алмады
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «Азаттық» радиосы журналистерінің аккредитациясына қатысты сұрақтарға жауап берді.
ҚР Сыртқы істер министрлігі басылым журналистеріне қазақстандық аккредитация қандай себеппен берілмегені туралы нақты айта алған жоқ.
Сіз олардан сұрай аласыз, олар сотқа шағым түсірді, біз сотта кездесеміз. Оларды сотқа шақырыңыз, біз оларға түсіндіреміз. Сізге жауап беремін – Азаттық біздің шешімімізге наразы, олар сотқа шағым түсірді. Біз жауап береміз. Олар аккредитация ережелерін бұзған. Осы жеткілікті ме?, деді Смадияров Orda.kz-ке.
Алайда ол «Азаттық» радиосы журналистерінің нақты қандай заң бұзушылықтар жасағанын айтпады.
Азаттықтың хабарлауынша, бүгінге дейін министрлік 36 тілшіге аккредитация бермеген немесе аккредитация мерзімін ұзартқан жоқ. Олардың арасында 2022 жылдан бері тірке мерзімі ұзартылмай келген журналистер де бар.
Заң бойынша шетелдік БАҚ тілшілерін аккредиттеу мәселесін Сыртқы істер министрлігі шешеді.
Фото-коллаж: ulysmedia.kz.