Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:30, 26 Мамыр 2020

Smart City қалаға не берді?

Елімізде ғана емес, әлемде орын алған жағдайлардан кейін ел экономикасындамыту, азық-түлік бағасының өсуін болдырмау, халықтың әлеуметтік жағдайы менденсаулығын жақсарту шаралары бірінші орынға шыққанын көзіқарақты оқырманбайқап отыр.

2 миллионнан астам тұрғыны бар, Алатаудың алқасындай ару қала Алматытек рухани орталық қана емес, халықаралық бизнес пен туризм орталығы болуқажеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелеріжөніндегі кеңесте атап өткен болатын. Алматыға инвестиция тарту арқылы жаңа жұмысорындарын ашу және қаланың инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнестіңдамуына жағдай жасай отырып, Алматының экологиялық ахуалын жақсарту мәселесі декүн тәртібінен түскен емес. Карантин кезінде автокөліктер қозғалысының азаюынанАлматының ауасы тазарып, жасыл желегі жайқалып, ару қаламыз ерекше көркінеенді. Карантинге дейін Алматының ең басты мәселесі көлік кептелісі еді. Рас,көлік кептелісін шешуге бірқатар қадамдар жасалды, жолайрықтар салынып, арнайыавтобус жолағы берілді. Алайда қалаға жақын орналасқан Еңбекшіқазақ, Іле,Қарасай, Талғар аудандарынан күніне Алматыға 200 мыңдай көлік кіріп, кептелісжасайтын. Алдағы уақытта Құлжа күре жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысындаұзындығы 784 метр көлік жолайрығы құрылысының жобасы қолға алынды. Аталған жобакөлік кептелісін болдырмауға және қаланың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндікбереді. 

Бүгінде мегаполиске айналып отырған Алматыныңкоммуналдық-инфрақұрылымдық мәселелерін шешу мақсатында қала маңындағы«Рахат-Мәдениет» ықшамауданында тұратын 315 шаңыраққа газ жеткізу мақсатындагаз құбырын салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Бақытжан СағынтаевInstagram парақшасында қала тұрғындарының ұсынысы мен пікірлерін сараптап,бірлесе жұмыс жасайтынын айтады. Қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің  бірі коммуналдық инфрақұрылым болып отыр. Осыбағытта Түрксіб ауданы бойынша 25 мың жеке үйдің 24 мыңға жуығы газбенжабдықталды. Қалған 929 үй магистралды желілерге қосылған. Бүгінгі таңда 625 үйтұрғын үй жүйелерін қосу және орнату сатысында, сонымен қатар орталық суменжабдықтау және кәріз жүйесіне қосылу мәселесі қолға алынды. «Қайрат», «Әлмерек»шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы аяқталуда, «Нұршашқан» шағынауданындақұрылыс жалғасуда.

Алматыныңшеткі аудандарында электр жарығының сөніп қалу мәселесі әлі де бар.  «Әлмерек», «Қайрат», «Нұршашқан» және«Авиатор» бау-бақша қоғамдарының тұрғындары электр энергиясында болатын үзілістергежәне тым жоғары тарифтерге шағымданады екен. Осы орайда, Алматы қаласы әкімініңтапсырмасымен жеке және иесіз желілерді «АЖК» АҚ балансына беру жұмыстарыжүргізілуде. Әкім бұл мәселені  2020жылдың шілдесіне дейін шешуді тапсырды.  Осыжылы көшелерді жарықтандыру шарасы қолға алынды.  Жыл соңына дейін  ұзындығы 134 шақырым болатын 254 көшеде сыртқыжарықтандыру желілері тартылады.  Бейімбет Майлин, Б.Хмельницкий көшелерінде, Сүйінбай,Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдарында 2000-нан астам үнемді электр шамдары орнатылады.Сонымен қатар Қапшағай көпірі мен Жансүгіров көшесінің ультрашамдары жаңартылатынболады.

Алматықаласының тұрғындары әкіммен кездесуде мектеп пен үйлердің және әлеуметтікнысандар маңында тротуарлардың жоқтығын, аулаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуқажеттігін айтқан болатын. Осы мәселеге байланысты тротуарлар мен аулаларғажөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бағдаршамдарды орнату, жаяу жүргіншілерөткелін белгілеу, спорт алаңдары мен тротуарлар салу бағытындағы барлықжұмыстарды  тұрғындарға ыңғайлы өмірүшін, қайда және не қажет екенін жақсы білетін тұрғындардың тілектерін ескереотырып жасау қажет», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарменкездесуінде. Қала тұрғындарын әлеуметтік қолдау мақсатындағы әлеуметтік қызметкөрсету үйіне жөндеу жұмыстары жасалып, әлеуметтік жағдайы төмен топтарға әртүрлісалада көмек көрсетілетін болады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі пандемияғақарамастан, халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау орталығының салынуын өтеқұптарлық шара екенін айтты.

Алматықаласының инфрақұрылымын дамыту бағытында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚбірқатар ілкімді жобаларды жүзеге асырып отыр. Мәселен, Smart Cityжобасы арқылы медициналық ақпараттық жүйе жасалынды, денсаулық паспортыэлектронды түрге көшті, дәрігер науқастың ауру тарихын алдын ала біле алады. Албілім саласында баланы балабақшаға кезекке қоюға balabaqsha. Open-almaty.kzпорталына тіркеу арқылы тез әрі оңай қол жеткізеді. Сондай-ақ баланы мектепкенемесе колледжге mektepalmaty.kz порталы арқылы қашықтан орналастыруға болады.«Ақылды қала» жобасының аясында  қаладағықоғамдық көліктер GPS жүйесімен қамтылып, диспетчерлік басқару жүйесі автоматтандырылды.  Енді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығыныңтұрғындармен байланысы автоматтандырылып, тұрғындарға ыңғайлы әрі оңтайлықызмет түріне көшеді.  «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның «Біз Алматы»жобасы қала белсенділері арасында қолдау тапты. Осы жоба аясында Rocket Plastic компаниясы тұрмыс қалдықтарын сұрыптап,пластик қалдықтарын қайта өңдеуге шақырады.

Алматы болашақта халықаралық туризм және бизнес орталығы болатынынасенеміз. Оған қарапайым халық та атсалысуы керек.

Мәрия ЖҰМАҚОЖА

 

 

Тегтер: