Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:45, 24 Қазан 2024

Снежанна Имашева: Заңдардың қазақ тілінде жазылу процессі енді басталып жатыр

s
Фото: parlam.kz
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Снежанна Имашева «УӘДЕ» бағдарламасына берген сұхбатында заңдардың қазақ тілінде жазылу керектігін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, орыс тілінде жазылған заңдардың тілі түсінікті әрі нақты. Ал дәл сол заңдардың қазақ тіліндегі аудармалары сәйкес келмейді. Сот процесінде мамандар заңдардың орыс және қазақ тіліндегі нұсқаларының арасындағы сәйкессіздіктерін жие байқалатынын «УӘДЕ» бағдарламасының жүргізушісі Ерболат Мұхамеджан атап өтті.

"Заң қазақ тілінде жазылуы керек. Тікелей аударма кезінде кейбір мағыналар жоғалуы мүмкін. Сондықтан заңдарды ең алдымен қазақ тілінде жазу қажет, бұл жағдайда қайшылықтар туындамайды. Мұндай сәйкессіздіктерді болдырмау үшін аударма жасаушылар қазақ тілін терең меңгеруі тиіс. Оларға қатысты талаптар қойылып, ескертулер жасалды. Егер сапасыз аудармалар анықталса, депутаттар өз пікірлерін білдіреді. Жалпы, бұл мәселе көбінесе аудармашылардың жұмысына байланысты. Мәжіліске заңдар екі тілде ұсынылады, егер қателіктер байқалса, біз сапалы аударылып, жазылған нұсқаны талап етеміз. Өкінішке орай, бұл процесс әлі күнге дейін толық көлемде жүзеге аспай жатыр. Бүгінгі таңда тек бірнеше заң қазақ тілінде жазылды. Мысалы, Түркістан қаласының мәртебесі туралы заң жақында қазақ тілінде дайындалды, кейіннен орыс тіліне аударылды. Заңдардың қазақ тілінде жазылу процессі енді басталып жатыр", - деді Снежанна Имашева.

Сонымен қатар, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Қазақстанда қазақ тілінде жоғары білікті мамандар мен заңгерлердің саны өте аз екендігін атап өтті.

Тегтер: