Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:51

«СНПС Ақтөбемұнайгазға» 36,7 млн теңге айыппұл салынды

1
Фото: ашық дереккөз

«СНПС Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін сот шешімімен 36,7 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.  

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, компания сұйытылған мұнай газы нарығында үстем жағдайын пайдаланып, серіктестеріне экономикалық әрі техникалық тұрғыдан тиімсіз талаптар қойған.

Негізгі заңбұзушылықтар

  • келісімшарттарда төлем жасау мерзімі небәрі үш жұмыс күні болып белгіленген, ал заң бойынша бес жұмыс күніне рұқсат етіледі;

  • қосымша келісімдерде автоцистерналарды тек 85%-ға дейін толтыру талабы қойылған, бұл логистикаға қиындық туғызып, газ тасымалын жасанды түрде шектеген;

  • компания техникалық мүмкіндігі бола тұра автотранспортпен жеткізілетін газ өндірісін негізсіз қысқартқан.

Антимонополиялық органның қорытындысын сот толық қолдады. Осыдан кейін компания өндірісті арттыруға міндеттелді. Нәтижесінде орташа тәуліктік көлем 114 тоннаға жетті, ал тамыздағы автотасымал көлемі 3532 тонна болған.

Тегтер: