Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:46, 01 Қараша 2023

Соғыс аяқталған соң Газа кімдікі болады, аймақты кім басқарады

Газа
Фото: из открытых источников

1 қараша күнгі деректер бойынша Израиль қорғаныс күштері Газада тоғыз сарбазының қаза тапқанын хабарлады.

Ал 31-қазанда Жабалиядағы соққыдан ХАМАС-тың жоғары шенді қолбасшысы қаза тапты. Сондай-ақ израильдік әскерилер содырлардың жер асты инфрақұрылымы күл-талқан болғанын мәлімдеген.

ХАМАС-қа қарсы соғыс басталғаннан бері Израиль әскері Газа секторындағы 11 мыңнан астам нысанға соққы жасаған.

Израиль армиясының баспасөз-хатшысы Жонатан Конрикус Газадағы Жабалия лагеріне жасалған шабуылдың нысанасы ХАМАС қолбасшысы Ибрагим мен Биари бұйрық берген «үлкен жерасты туннель кешені» болғанын айтты. Конрикустың айтуынша, соққыдан ондаған ХАМАС содырлары қаза тауыпты. Баспасөз-хатшысы шабуылдың ғимараттар арасында, тікелей жер асты туннельдеріне жасалғанын жеткізді.

«Бірақ олар құлаған кезде айналасындағы ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындардың өліміне әкелді», – деп мәлімдеді Жонатан Конрикус.

Ал Палестиналық «Paltel» телекоммуникация компаниясы түнде Газа секторында байланыс пен интернет қайтадан толықтай үзілгенін хабарлады.

Жалпы екі ел арасындағы соғысқа діни наным-сенімдерге байланысты басқа мемлекеттердің де араласып кеткені көпшілікке белгілі. Бірнеше мемлекетте өткен митингтер мен наразылық шараларын айтпағанда, кеше Йемен хуситтері Израильге соғыс жариялағанын ресми мәлімдеді.

Бұдан бөлек, сол күні Боливия Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзетінін мәлімдесе, Чили мен Колумбия Израильдің Газадағы әрекеттеріне наразылық ретінде Израильдегі елшілерін консультациялар үшін шақыртып алу туралы шешім қабылдады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті болса, Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің 7 қазандағы Хамас шабуылынан кейінгі үшінші сапары үшін жұма күні Израильге ұшатынын хабарлады.

Сондай-ақ АҚШ пен Израиль Газадағы операция аяқталған соң, Газаны кім басқарады деген мәселені талқылап жатыр.