Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Соғыста 55 мың украиналық сарбаз қаза тапқан

Украина
Фото: БАҚ

Украина президенті Владимир Зеленский  2022 жылдың ақпан айындағы соғыс қимылдары басталғаннан бері Украина қарулы күштерінің шығындары 55 000-нан асты деп мәлімдеді.

Шетелдік зерттеу орталықтары 2026 жылдың қаңтарында қаза тапқан украиналық әскери қызметкерлерінің санын 100 000-140 000 деп бағалады.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, қаза тапқан ресми санынан бөлек, көптеген хабар-ошарсыз кеткендер бар дейді. Алайда оның саны белгісіз.

"...Шайқас алаңында қаза тапқан әскери қызметкерлердің ресми саны –55 000. Бұл санға із-түссіз жоғалып кеткендерді қосыңыз", – деді Зеленский.

Ашық дереккөздерде негізделген есімдер тізімін жүргізетін жобалар ақпан айының басында Украинада 86 000 адам қаза тауып, 89 000 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады.

2024 жылдың маусым айында Ресей президенті Владимир Путин қаза тапқан ресейлік әскерилер саны украиналықтардан 5 есе аз екенін мәлімдеді.

Тегтер: