Маңғыстауда 13 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

«Келешек мектептері» жобасы аясында Маңғыстау облысында жалпы саны 12 600 оқушыға арналған 13 мектептің құрылысы жүргізіліп, кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде.
Қазіргі таңда 4500 орындық 4 мектеп (Ақтау қаласы – 17 ш/а, 33 ш/а, 19 ш/а; Мұнайлы ауданы – Батыр ауылы, Хазар ш/а) ел игілігіне тапсырылды.
2025 жылға өтпелі кезеңде:
Қыркүйек айында 6600 орындық 8 мектепті (Ақтау қаласы – Өмірзақ ауылы, Рауан тұрғын массиві, 20 шағынаудан; Жаңаөзен қаласы – Мерей шағынауданы; Бейнеу ауданы – Сам ауылы мен Бейнеу ауылы; Маңғыстау ауданы – Қосбұлақ-2 шағынауданы; Мұнайлы ауданы – Маңғыстау-3 ауылы, Батыр ауылы, Самал шағынауданы);
Қазан айында 1500 орындық 1 мектепті (Ақтау қаласы, 16 ш/а) пайдалануға беру жоспарлануда.
Жаңа мектептердің бірі – Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы, Самал шағынауданында орналасқан №20 жалпы білім беретін мектеп.
Мектеп құрылысы толық аяқталып, қазіргі таңда кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
1200 орындық білім ордасында 56 заманауи пән кабинеті қарастырылған.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында STEM зертханалары, визуалды дизайн, хореография кабинеттері жабдықталған.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог, психолог кабинеттері соңғы үлгідегі құралдармен қамтамасыз етілген.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 2 спорт зал, визуалды өнер, дизайн және технология, шеберхана, тамақтану мәдениеті кабинеттері жұмыс істейтін болады.