Трамп Иран халқына үндеу жасап, билікті қолға алуға шақырды
Трамп Иранға қарсы соғыстан соң ирандықтарға үндеу жолдады
Дональд Трамп иран халқына жолдауында:
«Ұлы әрі мақтанышқа лайық Иран халқына бүгін кешке айтарым — сіздердің бостандық сағаттарыңыз туды. Үйден шықпаңыздар.
Сыртта өте қауіпті. Бомбалар барлық жерде құлайды. Біз аяқтаған соң, еліңізді және оның басшылығын өз қолдарыңызға алыңыздар.
Ол сіздердікі болады. Бұл, бәлкім, алдағы бірнеше ұрпақ үшін жалғыз мүмкіндіктеріңіз. Көп жылдар бойы сіздер Америкадан көмек сұрадыңыздар, бірақ оны ешқашан алмадыңыздар.
Бірде-бір президент бүгін кеште мен істеуге дайын нәрсені жасауға дайын болған жоқ. Енді сіздерде өздеріңіз қалағанды беретін президент бар. Сіздердің қалай жауап беретіндеріңізді көрейік.
Америка сіздерді басым күшпен және жойқын қуатпен қолдайды. Қазір тағдырларыңызды өз қолдарыңызға алып, сіздерге жақындап қалған гүлденген әрі даңқты болашақты ашатын уақыт келді. Бұл — әрекет ету сәті. Оны жіберіп алмаңыздар».
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ Иранға қарсы соғыс бастады. Tomahawk зымырандары ұшқаны туралы хабар тарап жатыр. КСИР қолбасшысы Амир Хатами қаза тапқаны туралы бейресми хабар тарады. Иран да қарсы шабуылға шығып Израильге 30 зымыран ұшырған.