Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:13

Жұмақ орнаған Түркіменстан: халық биліктен жалақы көтермеуді өтінді

Құрбанғұлы Бердімұхамедов
Фото: ашық дереккөз

Түркіменстанда халық биліктен біртүрлі өтініш жасады. Олар енді жалақы,  зейнетақы, стипендия мен жәрдемақыны көтермей-ақ өмір сүре береді екен.

Себебі, елдің құрметті ақсақалы Атамырадовтың айтуынша, қазір Түркіменстанда әр отбасы «барлық қажеттілікті толық алып отыр» екен. Әр үйде бақыттың шамы жанып тұр, ал тұрмыс деңгейі көкте қалықтап кеткен көрінеді.

Расында да, сиқырлы ел ғой: ең төменгі зейнетақы – 550 манат (шамамен 27 доллар), жәрдемақы – 520 манат (26 доллар). Әлемнің басқа елдері бұған "жету" үшін әлі талай ғасыр еңбектенуі керек шығар.

Жұрттың «артық ақша керек емес» деуі – расымен де таңғаларлық құбылыс. Кэрроллдың Алисаға арнап ойлап тапқан ғажайыптар елі бүгінгі Түркіменстанның қасында кәдімгі ауылдың ертегісі сияқты ғана.

Қысқасы, жұмақ орнап қойған елде ақша да артық. «Әлем халқы бізге қызықсын, біз ештеңеге мұқтаж емеспіз» дегендей, түркімен билігі әлеуметтік-экономикалық сиқырдың жаңа формуласын ойлап тапқан секілді.

Тегтер: