Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы атанды
Қазақстандық оқушылар Панамада өткен робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы атанды.
Панама-ситиде FIRST Global Challenge халықаралық робототехника олимпиадасы өтті. Додаға әлемнің 190-нан астам елінен қатысушылар жиналды.
Биылғы чемпионат жаһандық экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және биологиялық алуадылықты арттыру тақырыбына арналған. Роботтар экологияны қалпына келтіруді модельдейтін тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинайды: олар кедергілерді (бөгеттерді) жоюы, биоалуандылық бірліктерін ойын алаңындағы арнайы экожүйелерге жеткізіп орналастыруы және тепе-теңдік механизмдерін іске қосуы тиіс.
Осы жылғы іріктеу нәтижесінде 40 команданың ішінен құрамаға Алматы қаласындағы НЗМ ФМН 9–10-сынып оқушылары енді: Рашат Досымжан, Даулет Ілияс, Орынбасаров Әлихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл енді. Ұлттық құраманың жаттықтырушылары — Дулат Байтуленов, Нурдаулет Досмагамбет және Асылбек Мұрзахметов.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурда және 2024 жылы Афинада абсолюттік чемпион атанған.