Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 02 Қазан 2019

Солтүстік Қазақстан облысында тарихи маңызы бар көне мазарлардың орны табылды

Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзенінің бойында XIV – XVғасырларға жататын көне мазарлардың орны табылды.

Бұл жерде қыркүйек айынанбері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Павлодар мемлекеттік педагогикалықуниверситетінің тарихшылары қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Еңбектеріеш кетпей, өткеннен мол ақпар беретін құнды жәдігерлердің үстінен түсті. «БізАлтын Орда кезеңіне жататын ескеркіштер мен жәдігерлерді тауып, зерттеумақсатында экспедицияға шыққан болатынбыз. Дәл осы Сілеті өзенінің жағасындатарихи ескерткіштердің болғаны жайлы көптеген отандық зерттеушілер жазыпкеткен. Соладың бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол осы аумақта сырлы кірпіштентұрғызылған нысанның барын айтқан. Әлкей Марғұлан да осы ескерткішке қатыстыталай жазба қалдырған», — дейді қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог,«Margulan centre» орталығының директоры Тимур Смағұлов. Көне кесенелердің орнынеліміздегі атақты археологтар ашып отыр. Солардың бірі — Тимур Смағұлов. Ол — танымал ғалым, орта ғасырлар бойынша маман. Әлемге танылған «Үржар ханшайымы»тарихи жәдігерін тапқан. Ал Анатолий Плешаков – солтүстікқазақстандықпрофессор, Ботай мәдениетін ашушылардың бірі. Жарты айдың ішінде 100 шаршы метраумақ аршылды. Мамандардың болжамынша, жалпы 1000 шаршы метр жерді алып жатыр.Қазірдің өзінде экспедиция мүшелері түрлі жәдігерлерді тапты. Ішінде алтынбұйымдар да бар. Табылған тарихи ескерткіш жайында СҚО әкімі Құмар АқсақаловInstagram желісіндегі парақшасында жазды. «Археология әлемінен тарихи жаңалық жетті.Уәлиханов ауданында археологтар XIV ғасырдағы 7 кесененің үйінділерін тапты.Ғалымдардың болжауынша, Алтын Орда дәуірінің мазарлары Жошы хан әулетініңөкілдеріне тиесілі. Алтын әшекей бұйымдары, кірпішті күйдіру пештері меншеберханалар, арықтар мен керамикалық ыдыстардың қалдықтары да табылды. АлтынОрданың 750 жылдығы қарсаңында бұл оқиға рухани және мәдени маңызға ие», — депжазды Құмар Ақсақалов. Бұл жаңалық белгілі ғалым Әлкей Марғұланның еліміздіңсолтүстігінде қала мәдениетінің бар екені туралы болжамын дәлелдеп отыр.

Дереккөзі: Kazinform

Тегтер: