Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:00, 26 Тамыз 2023

Солтүстік Қазақстандағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі

None
None

Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі. 

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешім-жобасында жазылған.

— Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы  4 шілдедегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отыра Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қаулы шығарып, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешім қабылдады:

Айыртау ауданының:

  • Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылына – Қамсақты;
  • Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылына — Баянтай атауы беріледі.

Шал ақын ауданының:

  • Кривощеков ауылдық округіне — Арай;
  • Кривощеково ауылына — Арай ауылы атауы берілмек.

Әкімдік қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Тегтер: