Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
03:40, 09 Қазан 2020

Солтүстік Қазақстанның бір қаласы қатаң карантинге жабылды

None
None

9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу үшін қатаң карантинге жабылды, — деп хабарлайды Петропавловск.news.

Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Булаев және Мағжан Жұмабаев ауданының басқа ауылдары, сондай-ақ Петропавл арасында ресми, бейресми тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.

Сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін тұрғындардың үйлерден шығуы шектеледі (жұмыс және медициналық көмектен басқа). Қалған уақытта жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға шығуға, қоқысты шығаруға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады.

Сағат 19.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмағандардың жүруіне шектеу қойылды. 65 жастан асқандарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керегі айтылды.

Тегтер: