Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 21 Сәуір 2025

Солтүстік Қазақстан облысында 99 жастағы соғыс ардагері ауруханаға түсті

Василий Макиенко
Фото: ашық дереккөз

Василий Макиенко жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полицияның мәліметінше, қария жолды кесіп өтпек болған сәтте, 9 жасар оқушы жүгіріп өтіп бара жатып, байқамай оны қағып кеткен.

Салдарынан зейнеткер құлап, жарақат алды.

Василий Макиенко жедел түрде ауруханаға жеткізілді, қазіргі кезде оның жағдайы ауыр.

Аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауруханаға арнайы барып, ардагердің жағдайын біліп қайтты.