Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:49

Солтүстік Қазақстанда Сергеев су қоймасы толып кетті

су қоймасы
Фото: из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Сергеев су қоймасы 1 сәуірге қараған түні толып, бөгет үстінен су аса бастаған. Бұл туралы «Петропавловск.news» хабарлады.

Басылым мәліметінше, бір тәулік ішінде су деңгейі 13 сантиметрге көтерілген. Қардың қарқынды еруі салдарынан су келімі нормадан асып, өңірде су тасқыны қаупі күшейіп отыр.

Қазгидромет болжамына сәйкес, биылғы тасқынның шарықтау шегі сәуір айының екінші–үшінші онкүндігіне келеді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов негізгі нысандардың барлығы бақылауда екенін мәлімдеді. Атап айтқанда:

  • Қызылжар ауданындағы қорғаныс құрылыстары;

  • Заречный кентіндегі айналма канал;

  • Петропавлдағы гидроторап.

Сондай-ақ, қауіп аймағындағы Прибрежное ауылында су тасқынына қарсы штаб құру тапсырылды.

Бұған дейін елдің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан зардаптар тіркелген. Мәселен, Қостанай облысындағы Мичурино ауылында су түнде келіп, жолдарды шайып кеткен. Ақмола облысында понтон көпірді су басып, бір көше оқшауланып қалған. Ал СҚО-да ауылдар арасындағы жолдарды су алған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай және Батыс Қазақстан облыстарындағы 15 елді мекенді су басу қаупі сақталып отыр.

Тегтер: