Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 18:41

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жол апаты
Фото: ЖИ

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 8 қаңтар күні «Астана – Петропавл» тас жолында тіркелді. Алдын ала деректерге сәйкес, «Toyota Camry» маркалы автокөлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, «Shacman» жүк көлігімен соғысқан.

Апат салдарынан жеңіл көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен оның 63, 17 және 14 жастағы үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың екеуі кәмелетке толмаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Алматы-Бішкек автожолында Toyota Alphard көлігі апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, салдарынан автокөлік аударылып кеткен.

Көліктің салонында Үндістан Республикасының төрт студенті мен бір турист болған. Зардап шеккендер туралы ақпаратты Үндістанның Астанадағы елшілігі де растады.

Апат салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір студент пен турист жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу органдары жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.