Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:14

Солтүстік Қазақстаннан 15 мың жылдық мамонт сүйегі табылды

1
Фото: из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны балық аулау кезінде тарихи олжаға кезікті. Ол Кызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылының маңынан алып мамонттың сүйегін тауып алған.

Табылған сүйекті жергілікті тұрғын Асет Шайкин археолог Анатолий Плешаковқа тапсырған. Мамандар оқиға орнын аралап шыққанымен, әзірге қосымша қалдықтар анықталмады. Ғалымдардың болжамынша, мамонттың қалған сүйектері жердің терең қабатында болуы мүмкін.

"Бұл өте қызық. Сүйектің ұзындығы шамамен бір метр. Жасы жоғарғы палеолит дәуіріне, яғни 15 мың жыл бұрынғы кезеңге жатады. Сүйек аса ірі жануарға тиесілі болған. Келер жылы осы маңда арнайы қазба жұмыстарын жүргізіп, қалғаны табыла ма, соны анықтаймыз. Егер толық қаңқа немесе еңбек құралдары табылса, бұл біздің өңірдегі алғашқы палеолит ескерткіші болар еді", – дейді тарихшы Анатолий Плешаков.

Ғалымдардың айтуынша, алдағы қазбалар мәдени қабаттарды зерттеуге, сондай-ақ көне дәуірге тиесілі артефактілердің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, биыл тамыз айында Ұлытау өңірінде де ірі археологиялық жаңалық тіркелген еді. Ғалымдар ерте темір дәуіріне жататын ежелгі қорымды тапқан. Қорымнан табылған алтын әшекейлер, ат әбзелдері мен қару-жарақ ол жерде жерленген адамның қоғамдағы мәртебесі жоғары болғанын айғақтайды.