Сондағы атаманның айтқан сөзі

22.12.2018, 02:18

236

Кеше (20.12.2018) Zhasalash.kz сайтына шыққан «Қостанайлық казактар әнұранды айтпайды» атты материалға байланысты әлеуметтік желіде арнайы мәлімдеме пайда болды. Жауап сөзде мақалаға арқау болған облыстық казактар қауымдастығының атаманы Виктор Чемпалов арнайы мәлімдеме жасаған. Атаман Zhasalash.kz көтерген мәселені орынсыз санайтынын, сондай-ақ, өсек-аяңға жол бермеу үшін арнайы пікір білдіріп отырғанын айтады.«Жарияланған материалда басылған суретке менің қолымның жүрек тұсыма әлі жетпеген сәті түсіп қалған. Бұл менің өз отанымның гимнін құрметтемейтінімді білдірмейді, сосын мен оны ешқандай жағдайда да елеусіз қалдырмаймын. Менің қасымда тұрған казак та солай. Ал, киім формасына келсек, — бұл бүкіл ел бойынша казактардың ұлттық киімі. Ол әскери форма емес...» дейді атаман мәлімдемесінде.Сонымен қатар, атаман өзінің Қазақстанда туғанын, саналы ғұмырын отбасымен бірге осында өткізіп келе жатқанын, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі екенін айта келіп, өз елінің нағыз патриоты екенін ескертеді.«Мен өз елімнің патриоты екенімді сенімді түрде айта алам, және аталмыш басылымға шыққан журналистік материалды жөнсіз һәм кәсіби емес деп есептеймін. Бұл сурет біздің мемлекеттік рәміздеріміздің беделін түсіргендей көрінсе, бәрінен казактар қауымдастығы және жеке өз атымнан кешірім сұраймын», деп сөзін аяқтайды атаман.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00