Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 18 Қыркүйек 2024

Соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған - депутат

в
Фото: Caravan.kz

Соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған, ал соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген, 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған. Бұл туралы депутат Нартай Сәрсенғалиев әскери прокуратура мәлімдеген ресми статистика негізінде мәлімдеді.

2023 жылғы тамызда әскери бөлімшелердің бірінде командир әскерге жаңадан келген сарбазды орындықпен ұрып, соққыға жыққан. 2024 жылғы маусымда Жамбыл облысының бір әскери бөлімшесінде әскерге келгеніне бір-ақ ай болған сарбаз ес-түссіз жансақтау бөліміне түскен. Ал таяуда болған жағдай бүкіл отандасымыздың ашу-ызасын туғызды. Ұлттық ұланның жауынгері Ербаян Мұхтар басынан алған жарақаттан бес ай бойы ес-түссіз жатыр. Жауаптылар болса қашанғыдай жауапкершіліктен жалтарып "Ербаян дәретханаға құлап, жарақаттанды" дейді. Бұған кім сенеді? Жарақаттың салдарынан сарбаздың басының жартысын алып тастауға тура келген. Енді оған тұрақты күтім қажет. Қазір ата-анасы ұлын шетелге емге әкетуге қам жасауда. Оған қаржы жинап берген баяғы біздің қарапайым халқымыз", - деді депутат. 

Сонымен қатар 7 қыркүйекте Ақтаудағы горнизонда сарбаз Марат Барқұлов офицердің атқан оғынан қаза тапқанын жеткізді. Депутаттың айтуынша, мұны тергеу орындары әділ зерттеп, нәтижесін қоғамға ашық түрде жеткізуі керек.

Тағы бір түйткіл бар, әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы төмен. Олардың айлығы шайлығына жетпейтіні, әлеуметтік жағдайларының төмен екені әмбеге аян. Бұл жағдайды түзету де кезек күттірмейтін мәселе", - деді депутат.

Тегтер: