Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:26, 11 Тамыз 2020

Сот актілері автоматты түрде орындалатын болады

Ағымдағы жылда сотактілерінің орындалуын автоматтандыру жұмыстары жүргізілді. Министрлік сотшешімдерін орындауды жақсарту бойынша шаралар қабылдауда.

Ол үшін атқарушылықіс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту жүзегеасырылды. Сонымен:

• екінші деңгейдегі14 банктің мәліметтер базасымен интеграциялау жүргізілді. Енді онлайн режиміндесот орындаушылары қаржы институттарындағы ауыртпалықтарды тез арада жоя аладыжәне алып тастай алады;

• «Е-нотариат»ақпараттық жүйесімен өзара әрекеттесу басталды, бұл атқарушы нотариустардыңнотариалдық құжаттарын электронды форматта алуға мүмкіндік берді;

• SMS-хабарлама қызметі коммерциялықпайдалануға енгізілді. Енді егер нөмірлері тіркелген болса, борышкерлергеістің басталуы және оған қатысты жүргізілген іс-әрекеттер туралы ақпарат барSMS-хабарлама келіп отырады.

Осы жүйені одан әрі жетілдіру бойыншақабылданған шаралар аясында Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылғанақпараттық жүйесінің мобильдік қосымшасын әзірлеужоспарлануда, яғни ол мүмкіндік бере алады:

• қызметтен тыс жерде атқарушы әрекеттердіорындауға;

• процескеқатысушылардың іс жүргізу құжаттарымен танысуға;

• санкцияны алаотырып, қолданылған шаралар мәртебесінің өзгеруіне жедел ден қою.

Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізутараптарының кабинеті арқылы талапкердің атқару парағын ұсынған кезде функционалдылықкеңейтілді.

Еркежан АРЫН

Тегтер: